БҚО-да заңсыз аң аулаған ауыл тұрғыны ұсталды
Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері заңсыз аң аулады деген күдікпен Теректі ауданының 31 жастағы тұрғынын ұстады.

БҚО-да заңсыз аң аулаған ауыл тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері заңсыз аң аулады деген күдікпен Теректі ауданының 31 жастағы тұрғынын ұстады. Рейдтік іс-шараларды өткізу барысында полиция қызметкерлері Volkswagen автокөлігін тоқтатты. Көлікті тексеру кезінде еліктің бөлшектелген еті табылып тәркіленді.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.