Инфляцияны төмендету үшін. Ұлттық Банк 70 тонна алтын сатып алмақ

Мұны елдегі инфляцияны 5%-дық нысаналы деңгейге төмендету мақсатында жасап отыр.

Ашық дереккөзден

Ұлттық Банк 2025 жылы инфляцияны төмендету үшін 70 тонна алтын сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы банктің сайтында жазылған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ұлттық Банк жоспарынша, 2024 жылдың төртінші тоқсанында аффинаждалған алтынды тепе-тең сатып алу үшін 2025 жылғы бірінші тоқсанда шетел валютасын шамамен 750 млрд теңгеге сатады.

«Тепе-теңдік операциялары алтын-валюта резервтерінің көлеміне әсер етпейтінін атап өткен жөн, себебі алтын сатып алу биржада валютаны сатумен өтеледі. Сатылған валюталардың көлемі ресми сайтта ай сайын жарияланады», – дейді Ұлттық банк.

2011 жылы енгізілген норма бойынша, Ұлттық Банк Қазақстандағы алтын өндіруші кәсіпорындардан алтын сатып алуды бастаған. Оны Қазақстанның алтын-валюта резервтерін толықтырып, алтын өндіру саласын дамытуға бағытталады деп түсіндіреді.

«Елде аффинаждалған алтын құймаларын өндіру көлемі айтарлықтай ұлғайды. Бұл жаңа компанияларға халықаралық деңгейде танылуға мүмкіндік берді. Мысалы, «Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаж зауыты Лондон бағалы металдар нарығы қауымдастығының құйма сапасына тән халықаралық стандарт бойынша аккредиттеуден өтті», – деп жазылған реттеуші хабарламасында.

2024 жылдың соңына қарай алтын-валюта резервіндегі алтын көлемі тарихи ең жоғары көрсеткіш – 45,8 млрд долларға жеткен. Бірақ алтын бағасы мен оны өндіру көлемі өсуі елдегі инфляцияға теріс әсер ете бастаған.

Енді реттеуші алтынды сату арқылы түскен долларды ішкі валюта нарығында сатуға шешім қабылдаған. Мұны елдегі инфляцияны 5%-дық нысаналы деңгейге төмендету мақсатында жасап отыр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-13
Утром-12.08 ℃
Днем-7.58 ℃
Вечером-8.67 ℃
Ночью-10.94 ℃
Влажность90 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра2.43 м/с
2025-02-14
Утром-11.91 ℃
Днем-4.92 ℃
Вечером-8.29 ℃
Ночью-10.3 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра4 м/с