Ресейліктер кетіп, қытайлықтар келуде: Қазақстанда қанша шетелдік компания жұмыс істейді

Бір жыл ішінде қытайлық кәсіпорындардың саны 2460-тан 3676-ға дейін өсті (50% – ға жуық өсім). Жалпы, Қазақстандағы қытайлық компаниялар бес жыл ішінде үш есеге жуық өсім көрсетті.

Фото: tengrinews.kz

Екі жыл ішінде Қазақстандағы қытай компанияларының саны 50%-ға өсті, ал Түркия мен Ресейлік заңды тұлғалардың саны 10%-ға азайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шетелдік меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары саны өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 6,6%-ға, 44995-ке дейін көбейді.

Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде шетелдік және бірлескен меншік нысанымен тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының барынша басым үлесі келесі салаларға тиесілі:

  • «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» – 36%,
  • «Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну» – 13,5%,
  • «Құрылыс» – 9,1% салаларына тиесілі.

Ұлттық статистика бюросының ақпаратынша, шетелдік кәсіпорындардың өсу қарқыны жылдан жылға төмендеп келеді. Мәселен, 2021 жылы шетелдік және бірлескен меншік нысаны бар заңды тұлғалар, филиалдар мен шетелдік заңды тұлға филиалдарының санының өсуі 11,7%-ды, 2022 жылы 45,1%-ды құрады, ал 2023 жылы өсім 18,5%-дан асты.

Өсудің қазіргі баяулауы Қазақстаннан ең алдымен ресейлік компаниялардың кетуімен байланысты: 2024 жылдың 1 қаңтарында Ресей Федерациясының 19 444 компаниясы тіркелсе, бүгінде олардың саны 18 861. Осыған қарамастан, ресейлік бизнес шетелдік меншік нысаны бар барлық кәсіпорындар арасында бірінші орында. Соңғы бес жылда елде ресейлік компаниялардың саны 2,5 есе өсті.

Түркиядан келген кәсіпкерлермен де жағдай ұқсас. Бір жыл ішінде ҚР-дағы түрік ұйымдарының саны 3806-дан 3538-ге дейін азайды.

Осылайша, 2024 жылы Қазақстанда шетелдік меншік нысаны бар 457 ұйым жабылды.

Сурет: ҚР Ұлттық статистика бюросы

Бұл ретте, өзбекстандық компаниялардың саны айтарлықтай өсті – 2024 жылғы 3047-ден 4407-ге дейін (44% өсім). Қытайлық инвесторлардың да ағыны байқалды: бір жыл ішінде қытайлық кәсіпорындардың саны 2460-тан 3676-ға дейін өсті (50% – ға жуық өсім). Жалпы, Қазақстандағы қытайлық компаниялар бес жыл ішінде үш есеге жуық өсім көрсетті.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-22
Утром-14.9 ℃
Днем-8.5 ℃
Вечером-10.53 ℃
Ночью-12.79 ℃
Влажность92 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра3.68 м/с
2026-01-23
Утром-13.63 ℃
Днем-11.87 ℃
Вечером-15.3 ℃
Ночью-19.44 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра3.91 м/с