Батыс Қазақстанда 1 300-ден астам адам қызылшамен ауырған

Науқастардың 822-сі немесе 63,1 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар. Ал 164-і немесе 12,5 пайызы – 1 жасқа дейінгі сәбилер. Қызылша облыстың барлық ауданында тіркелді.

фото: podacha-blud.com

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың Kazinform тілшісіне мәлім еткеніндей, бұл көрсеткіш 2023 жылмен (477) салыстырғанда, 2,7 есеге өскен.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. 

-Науқастардың 822-сі немесе 63,1 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар. Ал 164-і немесе 12,5 пайызы – 1 жасқа дейінгі сәбилер. Қызылша облыстың барлық ауданында тіркелді. Оның басым бөлігі Орал қаласында, мұнда облыстық көрсеткіштен жоғары, – дейді Н.Мұстаев.

Департамент басшысы орынбасарының айтуынша, қызылшаның өсуі мен таралуының негізгі себебі – медициналық қарсы көрсетілімдер мен профилактикалық егуден бас тартудың салдарынан тұрғындардың иммундық қабілетінің төмендеуі. 

Қызылшаға күдікті жағдайлардың бәрі зертханалық тексеріліп, барлығы сол жолмен расталды. 

Маманның мәлімдеуінше, қызылша – ауа жолы арқылы өте жылдам таралатын вирусты жұқпалы аурулардың бірі. Вирус сыртқы ортаға ауырған адам сөйлегенде, жөтелгенде, түшкіргенде, түкірікпен бөлінеді. Инкубациялық кезеңі жұқтырғаннан кейін бірінші белгілері пайда болғанға дейін, яғни 7 күннен 14 күнге дейін созылады. Дерт суық тию белгілерімен басталады. Дене қызуы 38-40 градусқа көтеріліп, әлсіздік пайда болады. Адамның тәбеті болмай, жөтеліп, мұрны бітеледі. 

-Қызылшаның алдын алудың ең тиімді, сенімді және баламасыз жолы вакцинация екенін еске саламыз. Қызылшаға қарсы егу – вирусты жасанды жолмен тоқтату, нәтижесінде ағза өзін қорғайтын иммунитет қалыптастырады. Ең алғашқы вакцинация балаларға 12-15 айлығында, екіншісі 6 жаста жасалады. Егу тұрақты иммундық қорғанышты қалыптастырады. Науқаспен қарым-қатынаста болған 30 жасқа дейінгілер қосымша егіледі, – деді Н.Мұстаев.

KAZINFORM

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-13
Утром-12.08 ℃
Днем-6.55 ℃
Вечером-8.34 ℃
Ночью-10.94 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра2.43 м/с
2025-02-14
Утром-11.91 ℃
Днем-4.92 ℃
Вечером-8.29 ℃
Ночью-10.3 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра4 м/с