Трамп Путинге талап қойды! «Тоқтамасаң, санкциямен сабаймын!»

АҚШ президенті Доналд Трамп Ресей президенті Путинге соғысты тоқтату туралы талап қойды. Ол өз шарттарын өзінің «Truth Social» әлеуметтік желісінде жазды.

(Сурет: AP сайтынан алынды)

«Мен Ресейге зиянымды тигізгім келмейді. Мен орыс халқын жақсы көремін және әрқашан президент Путинмен өте жақсы қарым-қатынаста болдым. Бұл Ресей туралы радикалды солшылдардың жалған сөздеріне қарамастан солай болды», – деді Трамп.

Ол өз сөзінше, «Ресей Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жетуге көмектесті және бұл жолда 60 миллионға жуық адамның өмірін қиды».

Әрі қарай Трамп Ресейге қоятын шартты атап, былай дейді:

«Соған қарамастан, мен экономикасы құлдырап бара жатқан Ресейге және президент Путинге жақсылап болыспақпын.

Дәл қазір тынышталып, мынау масқара соғысты тоқтатыңыз! Бұдан әрі жағдай ушыға береді!   

Егер біз «мәмілеге» қол жеткізе алмасақ,  жақын арада маған Ресейдің АҚШ пен басқа әріптес елдерге сататын барлық тауарына жоғары салықтар салуыма, тарифтер мен санкциялар енгізуіме тура келеді.

Кел, соғысты тоқтатайық! Әрине, егер мен президент болғанымда бұл соғыс мүлде басталмайтын да еді.

Біз бұл соғысты тоқтатудың екі жолы бар. Оңай және қиын жолдар. Біз мұны оңай жолмен тоқтата аламыз. Және сол жол әркімге де жақсы болмақ. «Мәміле жасаудың» уақыты келді. Бұдан әрі ешқандай өмір қиылмауы керек», – деді Трамп.

впу.png

Тақырыпқа тұздық: Зеленский келіссөздерді бастамас бұрын Батыс одақтастарынан Украинаның қауіпсіздік кепілдіктерін алғысы келетінін айтты.

Зеленский: «Соғыстың аяқталуы – Путиннің емес, Трамптың жеңісі болуы керек», – деп мәлімдеді.

«Bloomberg»: «Украина үшін кез келген келісімнің кілті – АҚШ пен Еуропаның Кремльдің қайта басып кіруіне тосқауыл қою үшін жеткілікті болатын қауіпсіздік кепілдігі болмақ. Зеленский Путинмен тікелей байланысқа шықпас бұрын Трамптан осындай кепілдік алғысы келеді», – дейді.

Mezgil.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-13
Утром-12.08 ℃
Днем-7.58 ℃
Вечером-8.67 ℃
Ночью-10.94 ℃
Влажность90 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра2.43 м/с
2025-02-14
Утром-11.91 ℃
Днем-4.92 ℃
Вечером-8.29 ℃
Ночью-10.3 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра4 м/с