Қазақстанда келесі айдан бастап бензин қымбаттайды

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ақпан айынан бастап бензин, дизель, сұйытылған газ бағасы өсетінін мәлімдеді.

Ulysmedia коллажы

СӘТҚАЛИЕВ НЕ ДЕЙДІ

Министрдің айтуынша, мұнай өнімдерінің бағасы бойынша президент жанындағы кеңес шешім қабылдап қойған. Жанар-жағармай ғана емес, сұйытылған мұнай газының бағасын да кезең-кезеңмен өсіру керек деген шешім бар. Сондай-ақ, тауарлық газ бойынша да бағаның өсуімен байланысты белгілі бір межелер бар.

Мұндағы басты ұстаным бағаны бақылаудың нормативтік және әкімшілік шаралары Үкіметтің қолында қалдыруға бағытталған. Яғни, аталған әлеуметтің маңыздағы тауарлар бағасының күрт өсуі болмайды, – деді ол.

Сәтқалиевтің сөзінше, министр жанар-жағармай мен сұйытылған газдың бағасы ақпан айынан бастап өсіруді жоспарлап отыр. Тауарлық газдың бағасы биыл жазға қарай біртіндеп өседі дейді ол. 

ГАЗ БАҒАСЫ

Сәтқалиев сұйытылған газдың бағасы 98 теңгеден ары қымбаттамайды деген мәлімет келтірді. Былтыр баға диапазонын 54-55 теңге болса, 59-90 теңге арасында болады. “Ол енді өңірлерге байланысты.  Ең жоғарғы диапазон өңірлерде 64 теңгеден 98 теңгеге дейін  болады деп отырмыз” дейді министр.

Үкіметтің кеңейтілген отырысы өткеннен кейін Ulysmedia.kz тілшісі Серік Жұманғаринге сұрақ қойды.

Тарифтер қымбаттайтынын, бензин, жанар-жағармай бағасы өсетінін, қосымша құн салығы өссе, азық-түлікке де баға қосылатынын айтып жатырсыздар. Сіздер әлеуметтік дүмпу, наразылық деп қауіптенбейсіздер ме? Тәуекелдерді қаншалықты ескеріп отырсыздар? – деп сұрақ қойылды Жұманғаринге.

“ҰЛТТЫҚ ҚОРДАН ҚАРАЖАТ СҰРАМАЙМЫЗ”

Жұманғарин сөзін “сізге нақты жауап берейін” деп бастады.

Қазір мысалы “светтің” бағасы қымбаттады. Газдың бағасы қымбаттайын деп жатыр. Жылу, бүкіл коммуналдық тарифтер қымбаттады. Ол әрине, ертең әсер етеді. Оны жабу керек қой!? Қалай жабамыз? Әлеуметтік көмекті көтеру керек. Ертең бюджет қызметкерлеріне айлықты көтеру керек. Қаражат қайдан аламыз? Жоқ. Бюджеттің дефицитін жабу үшін бір жерден қарыз алу керек немесе ұлттық қордан алу керек. Ұлттық қордан біз талай алдық. Алдымызда тапсырма бар. 2029 жылға дейін ұлттық қордағы қаражатты 100 млрд АҚШ долларына жеткізу керек.

Сол себепті біз бүгін жариялаған реформа осы сұраққа – жауап. Ертең бүкіл кірістер мен шығындарды қамтамасыз ету үшін, барлық қалпына келтіру үшін қазір осындай реформа қажет. Реформа болса қалғанының бәрін біз жабамыз. Әлеуметтік осал топтарға көмектесеміз. Айлықтарды көтереміз. Бизнеске дамуға арналған қаражатты береміз. Дұрыстап көмектесеміз. Ұлттық қордан қосымша қаражат сұрамаймыз. Оның бәрін жасау үшін осындай реформа қажет, – дейді ол.

НЕ ҚЫМБАТТАЙДЫ

Бұған дейін энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ақпан айынан бастап бензин, дизель, сұйытылған газ бағасы өсетінін мәлімдеген еді. Ал үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тарифтер нарық талаптарына сай болу керектігін айтқан. Серік Жұманғарин шамамен 15-20 ақпанда Қазақстанда қосымша құн салығы қаншаға көтерілетіні белгілі болатынын айтты. Оның сөзінше, күнделікті тұтынып жүрген тауарлар шамамен тек 5-6 пайыздан артық көтерілмейді.

Ulysmedia.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-07
Утром-2.09 ℃
Днем1.05 ℃
Вечером0.88 ℃
Ночью0.78 ℃
Влажность76 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра3.04 м/с
2025-12-08
Утром0.44 ℃
Днем2.34 ℃
Вечером0.99 ℃
Ночью-2.85 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра4.91 м/с