Мемлекеттік бағдарлама арқылы алынған үйді жалға беруге бола ма?

Мемлекеттік бағдарлама арқылы ипотекаға алынған үйдің жалға берілгені анықталса, заңбұзушыға айыппұл салынуы және мүлкінен айрылу қаупі төнеді.

Фото: depositphotos.com

Мемлекеттік ипотекалық бағдарлама арқылы алынған үйді жалға бер қаншалық заңды? Бұл сұраққа Massaget.kz тілшісі адвокат Альбина Бахтиярқызы жауап берді. 

Адвокаттың сөзінше, мұндай үйді жалға беру заңға қайшы.

«Кейінгі кездері көп адам үйді «7-20-25», «Нұрлы жер» секілді әртүрлі ипотекалық бағдарлама арқылы алады. Ал мұндай бағдарламаларда ай сайынғы төлем төмен. Осындай жағдайды пайдаланып, үйді жалға беріп, пайдаға айналдырып жүрген адам көп. Бірақ егер жауапты органдар тексеріс жүргізетін болса, бұл заңға қайшы әрекет ретінде танылады. Өйткені мемлекеттік ипотекалық бағдарлама арқылы алынған үйді жалға беруге мүлдем болмайды. Бұған қатысты Қазақстан Республикасының заңында бап жауапкершілік қарастырылған», — деді маман.

Сондай-ақ адвокат заңсыз әрекет етіп жүргендерге тексерісті кім жүргізетінін айтты.

«Қазақстанда азаматтардың мұндай заңсыз әрекетін Отбасы банк немесе Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы немесе жергілікті әкімдіктегі арнайы бөлім тексеруге құқылы», — деді ол.

Қандай жаза қарастырылған?

Мемлекеттік бағдарлама арқылы ипотекаға алынған үйдің жалға берілгені анықталса, заңбұзушыға айыппұл салынуы және мүлкінен айрылу қаупі төнеді.

«Жауапты мекеме тексеріс барысында ипотекаға алынған мүлікті қайтарып алып, шартты бұзуы мүмкін. Сондай-ақ айыппұл салынады, бұған қоса үй жалға берілгені үшін салық төленбеген болса, азаматтың құжаты Салық басқармасына беріледі. Олар да тексеріп, айыппұл салуы әбден ықтимал. Яғни бір сөзбен айтқанда ипотекалық бағдарламаға өзіңіз үшін алынған мүлікті, тек өзіңіз қолдана аласыз», — деп түсіндірді Альбина Бақтиярқызы.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-10
Утром7.71 ℃
Днем16.58 ℃
Вечером15.12 ℃
Ночью10.07 ℃
Влажность33 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра5.94 м/с
2026-05-11
Утром7.93 ℃
Днем15.52 ℃
Вечером16.97 ℃
Ночью11.82 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра7.31 м/с