«Өз еркімен кетсін»: АҚШ қазақстандықтарға үндеу жасады
Елден шығару мен қайта кіруге шектеу қоюдан бөлек, әлеуметтік жәрдемақылар, жұмысқа рұқсат құжаттары және өзге де жеңілдіктер тоқтатылады.

АҚШ-тағы Қазақстан Елшілігі қазақстандықтарға елдегі көші-қон саясатының күшейтілгені туралы ескертті, деп хабарлайды Orda.kz.
АҚШ-та заңсыз жүрген мигранттар ұсталып, елден шығарылуы және қайта кіруге тыйым салынуы мүмкін.
«Елден шығару мен қайта кіруге шектеу қоюдан бөлек, әлеуметтік жәрдемақылар, жұмысқа рұқсат құжаттары және өзге де жеңілдіктер тоқтатылады», деп мәлімдеді елшілік.
АҚШ билігі заңсыз жүрген азаматтарға депортация мен шектеулерден құтылу үшін елден өз еркімен кетуді ұсынады.
Енді «CBP One» қосымшасы арқылы шартты түрде босатуға өтініш беру немесе АҚШ-Мексика шекарасындағы өткізу пункттерінде қабылдау үшін жазылу мүмкін емес.
