Мүгедек баласы бар ата-ананы зейнет демалысына ерте шығару: Үкіметтің есебі қандай

Мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-ананың біріне 74 428 теңге жәрдемақы төленеді.

фото: ашық дереккөз

Үкімет басшысы Олжас Бектенов мәжіліс депутаттарының мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-ананы зейнет демалысына ерте шығару туралы ұсынысына жауап берді. 
Үкіметтің ұстанымына сәйкес, мұндай ата-ана зейнет демалысына ерте шықса, олардың зейнетақы мөлшері төмен болып қалады:

«Қазіргі таңда елімізде отандық зейнетақы жүйесі қалыптасқан және зейнетке шығу жасы қолданыстағы заңнамамен реттелген. Мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарды ерте зейнетке шығарған жағдайда олардың зейнетақысы өте төмен болады. Себебі жеткілікті зейнетақы алу үшін азаматтар міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге тұрақты қатысуы қажет. Жинақтаушы жүйеге қатысу мемлекеттік базалық зейнетақы мөлшеріне де әсер етеді». 

Олжас Бектенов, сондай-ақ 2023 жылғы 1 шілдеде Әлеуметтік кодекс қабылданғанын еске салды. Оған сәйкес мүгедектігі бар балаларды (18 жасқа толғаннан кейін) тәрбиелеп отырған ата-аналар жеке көмекші ретінде жұмысқа қабылданады. Жеке көмекшілерге жергілікті атқарушы органдар тарапынан жалақы (128 716 мың теңге) төленеді, сондай-ақ тиісті жарналар, соның ішінде міндетті зейнетақы жарнасы аударылады. 

«Осылайша, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналардың зейнеткерлік жасқа жеткен кезде қажетті еңбек өтілі мен зейнетақы жарналарының сомасы жинақталады. Бұл, өз кезегінде, оларға зейнетақы тағайындау кезінде негізге алынып, тиісті деңгейде зейнетақы алуға мүмкіндік береді. Ал мүгедектігі бар баласы 18 жасқа толғанға дейін тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесіне ай сайын мемлекеттік жәрдемақы (74 428 теңге) төленеді және оған қоса баланың мүгедектігі үшін жәрдемақы төленеді», – деді премьер-министр. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-19
Утром13.7 ℃
Днем22.56 ℃
Вечером21.77 ℃
Ночью17.27 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра5.96 м/с
2025-04-20
Утром14.84 ℃
Днем24.41 ℃
Вечером24.42 ℃
Ночью20.31 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра6.2 м/с