БҚО-да құрылыс нысандары қатаң тексеріледі

БҚО Полиция Департаментімен ҚР Қылмыстық Кодекстің 277-бабы, 2-бөлігі, яғни Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзудің қауiпсiздiк қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекет дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ашық дереккөзден

Көшеде кездейсоқ кетіп бара жатқан тұрғынның басына кірпіш түсіп қаза тапқан кешегі қайғылы оқиғадан кейін Орал қаласындағы барлық салынып жатқан құрылыс нысандары жан-жақты тексерілетін болды. Бұл туралы бүгін BAQ.KZ тілшісіне БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Еске сала кетсек, 29 қаңтар күні, күндізгі 15-00 шамасында Әлия Молдағұлова көшесінде тротуармен бара жатқан азаматтың басына силикат кірпіштер құлап, 68 жастағы Біләл Тұрғалиев сол жерде қаза тапқан еді. Құрылысы жүріп жатқан 9 қабатты үй «Строй Техно Групп» ЖШС-не тиесілі екен.
Осы оқиғаға байланысты БҚО Полиция Департаментімен ҚР Қылмыстық Кодекстің 277-бабы, 2-бөлігі, яғни Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзудің қауiпсiздiк қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекет дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Барлық мән-жайды анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалып, арнайы мамандар шақырылды. Және осындай оқиғалардың қайталануын болдырмау үшін Орал қалалық прокуратурасы уәкілетті орган – БҚО Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына барлық салынып жатқан нысандарды мониторинг жасауды тапсырды, — дейді облыстық прокуратураның ресми өкілі Динара Нұрсұлтанова.

Аталған бап бойынша кінәлі тұлғаны 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал таза ауада сейілдеп қайтамын деп, қапияда көз жұмған Тұрғалиев Біләлді туыстары ертең жер қойнына тапсырмақ.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Оралда басына кірпіш құлаған ер адам қайтыс болды

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-16
Утром-14.83 ℃
Днем-12.78 ℃
Вечером-12.19 ℃
Ночью-13.47 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1037
Скорость ветра7.61 м/с
2026-01-17
Утром-17.86 ℃
Днем-16.43 ℃
Вечером-19.12 ℃
Ночью-21.15 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1046
Скорость ветра6.71 м/с