Оралда сот ер адамға ұлының Испаниядағы оқу ақысын төлеуге міндеттеді

Ұлы сотқа Испанияда оқитынын растайтын бірқатар құжаттар ұсынды.

Фото: pixabay.com

Жоғарғы сот Оралдық тұрғынға ұлының Испаниядағы оқу ақысын төлеуге міндеттеді. Оқу төлемінің жалпы сомасы 4 жылға 20 миллион теңге болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәліметтерге сенсек, келісім негізінде атқарушылық іс жүргізу басталған. Алайда кейін әкесі төлем жасаудан бас тартып, сотқа жүгінген. Жеке сот орындаушысының әрекеттеріне шағымданып, ұлының Еуропада оқитынына дәлел жоқ екенін алға тартқан. Сот оның талабын қанағаттандырғанымен, апелляция бұл шешімді өзгертті.

Апелляциялық сот әкенің «ұлым сот процесіне қатысқан жоқ, сондықтан талапкер бола алмайды» деген уәжін қабылдамады. Себебі келісімде әкенің оқу ақысын төлеуге міндетті екені нақты көрсетілген. Әрі келісімге әкесі «Таныстым, келісемін» деген белгімен қол қойған.

Сот процесі барысында әкенің өзі түзету енгізген актіге сәйкес, төлем сомасы 20 миллион теңгеден 5 миллион теңгеге (2023–2024 оқу жылы үшін) өзгертілді.

«Ұлы сотқа Испанияда оқитынын растайтын бірқатар құжаттар ұсынды. Олардың ішінде Мадридтегі Еуропалық университеттен 2023–2024 оқу жылына дене шынықтыру және спорт факультетіне қабылданғаны туралы хат, төлқұжат пен билет фотосуреттері (виза алғаны және Мадридке келгені туралы) бар. Бұдан бөлек 2023 жылдың қыркүйек және қазан айларындағы оқу ақысының төленгені жөніндегі құжаттар, сыртқы істер министрлігінің консулдық қызмет департаментінің оны Испанияда уақытша консулдық есепке алғаны туралы жауабы тіркелген», — делінген Жоғарғы соттың хабарламасында.

Осы деректер негізінде сот шешімі өзгертіліп, әкенің арызы қанағаттандырусыз қалдырылды. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-02-10
Утром-14.62 ℃
Днем-15.97 ℃
Вечером-12.01 ℃
Ночью-17.97 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра7.17 м/с
2026-02-11
Утром-23.38 ℃
Днем-15.06 ℃
Вечером-20.06 ℃
Ночью-21.96 ℃
Влажность90 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра3.15 м/с