Қаржы министрлігі бойдақтарға салық салу бастамасын қарағалы отыр

Бұл қоғамдағы қатынасты реттеу, жастарға сигнал ретінде тәртіпке, ретке келіп, көпбалалы болу мақсатында берілген ұсыныс.

gov.kz

Қаржы министрлігі бойдақтарға салық салу бастамасын қарағалы отыр. Алайда ведомство әуелі бұл ұсыныстың ресми түрде түскенін күтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

— Біз Талдықорған тұрғындарымен кездескенімізде бойдақтыққа қатысты мәселені талқылаған болатынбыз. Бұған дейін салықтың бұл түрі Италияда және Болгарияда болған екен. Демография тұрғысынан бұл маңызды мәселе. Бірақ мұндай салық салуды мен ұсынған жоқпын, БАҚ менің сөзімді басқаша жеткізген, дейді бұған дейін бойдақтарға салық салуды ұсыну туралы айтқан мәжіліс депутаты Болат Керімбек. 

Бұған қарамастан, бала тууды ынталандыру бойынша қабылдануы мүмкін шараларды талқылау жалғасуда. Қаржы министрлігі баласыз қалу салығын енгізу туралы ұсыныс ресми түрде түссе, заңға сәйкес қаралатынын растады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда мұндай салықты енгізуге қатысты заңнамалық бастамалар жоқ.

ДЕПУТАТ БҰҒАН ДЕЙІН НЕ ДЕП ЕДІ

Еске салайық, бұған дейін мәжіліс депутаты Болат Керімбек не себепті бойдақтарға салық салу керектігін түсіндіріп беруге тырысқан болатын. 

Ол “Болат Керімбек бойдақтарға салық салуды ұсыныпты” деген ақпарат әлеуметтік желіде де, БАҚ-та көп талқылған еді. Депутаттың өзі осы ұсынысы турасында бірнеше рет түсіндірме берген. Әлі де сол пікірінде екен.

БҰЛ САЛЫҚТАН КӨП АҚША ТҮСПЕЙДІ

Бұл қоғамдағы қатынасты реттеу, жастарға сигнал ретінде тәртіпке, ретке келіп, көпбалалы болу мақсатында берілген ұсыныс. Бұдан шынын айтқанда, көп ақша да түспейді. 35 жастан жоғары 50 жасқа дейін ғана болу керек, – дейді ол.

Депутаттың айтуынша, әлемдік тәжірибеде бойдақтардың жалақысының 3-5 пайыз мөлшерінде ұсталады. Сонымен қатар, депутат алуан пікір айтуға әркімнің құқығы барын айтады. Бұл ұсыныс демографиялық тұрғыда Қазақстанға қажет дейді. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-09
Утром0.71 ℃
Днем16.31 ℃
Вечером10.49 ℃
Ночью8.37 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра2.54 м/с
2026-10-10
Утром5.04 ℃
Днем19.71 ℃
Вечером15.41 ℃
Ночью11.14 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.64 м/с