Мемлекеттік қызметшілерге бизнеспен айналысуға тыйым салған заңға өзгеріс енгізіледі

Алдағы уақытта мемлекеттік қызметшілерге бизнеспен айналысуға тыйым салған заңға түзетулер енгізіледі.

Фото: Halyq Uni

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірнеше маңызды бастаманы іске асыруға кірісті. Соның ішінде жемқорлардың тізімін жариялау, пара ұсынғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу және тағы басқа маңызды өзгерістер бар. Алдағы уақытта мемлекеттік қызметшілерге бизнеспен айналысуға тыйым салған заңға да түзетулер енгізіледі. Соның нәтижесінде кейбір басшыларға өз бизнесін ашуға рұқсат беріледі. Sputnik Қазақстан заңға енгізілетін маңызды өзгерістерді ұсынады.

Конституциялық соттың шешімі

Бұған дейін Конституциялық сот мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген барлық тұлғаларға кәсіпкерлікпен және өзге де ақылы қызметпен айналысуға тыйым салу Ата заңымызға сәйкес келмейді деген шешімге келген. Сот мамандарының айтуынша, кәсіпкерлік қызметті шектеу лауазымдық міндеттердің сипатына байланысты болуға тиіс. Ондай шектеу тек нақты мемлекеттік органдарға қойылуы шарт. Олар:

ұлттық банк;

азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым;

қаржы нарығын реттеу агенттігі;

ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялар.

Осы ұйымдардың қызметкерлері мемлекеттік қызметші болмаса да, бақылау-қадағалау өкілеттіктерін атқарады. Ал ұлттық холдингтер мен компаниялардың теңестірілген тұлғалар отандық экономика үшін стратегиялық маңызы бар функцияларға ие.

«Сонымен қатар, тұрақты негізде қызмет ететін сайлау комиссиясы мүшелері үшін бұл тыйым сақталады, себебі бұл шектеу «Сайлау туралы» конституциялық заңмен бекітілген», — дейді сыбайлас жемқорлық агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров.

Қандай басшылар бизнеспен айналыса алады

Конституциялық сот мемлекеттік қызметшілер үшін тағы бірнеше жағдайда кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салуды ұсынып отыр. Атап айтқанда, қызмет олардың лауазымдық міндеттерін орындауға кедергі келтірсе немесе бұл қызметте қызметтік мүлікті пайдалану фактісі орын алғанда жағдайда, сондай-ақ, бұл қызмет олардың лауазымдық міндеттерімен мүдделер қақтығысын туындатса, бизнеспен айналысуға қатаң тыйым салынады.

Заңға енгізілген түзетулер қабылданған жағдайда бірқатар ұйымдар мен мекемелердің басшылары мен олардың орынбасарларына бизнес ашуға рұқсат беріледі. Олар:

республикалық мемлекеттік кәсіпорындар ;

коммуналдық кәсіпорындар, коммуналдық мемлекеттік мекемелер (мектептер, ауруханалар және т.б.);

Қазіргі кезде заң жобасы мәжілістің қарауына жатыр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-09
Утром0.88 ℃
Днем13.57 ℃
Вечером11.13 ℃
Ночью8.84 ℃
Влажность68 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра2.47 м/с
2026-10-10
Утром6.6 ℃
Днем17.38 ℃
Вечером15.94 ℃
Ночью13.6 ℃
Влажность56 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.32 м/с