Қазақстан «KazSat-3» спутнигін алмастыруға 87,2 млрд теңге жұмсамақ

Оның ішінде республикалық бюджет есебінен – 40,3 млрд теңге, «РҒБО» АҚ меншікті қаражаты есебінен – 46,9 млрд теңге.

«KazSat-3R» спутнигін құруға болжаммен 87,2 млрд теңге қажет.Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов депутаттардың сауалына берген жауабында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

 «KazSat-3» спутнигін ауыстыру үшін ғарыштық байланыс жүйесін құру және пайдалануға беру» (бұдан әрі – «KazSat-3R» жобасы) бойынша жобалау алдындағы жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Түрлі еуропалық және азиялық ғарыш техникасын өндіруші компаниялардың техникалық-коммерциялық ұсыныстары қаралды. Қарастырылған ұсыныстарды талдау негізінде қазіргі уақытта экономикалық сараптамадан өтіп жатқан инвестициялық ұсыныс жасалды», – деді Олжас Бектенов жауабында.

Сонымен қатар, ол спутникті құрудың болжамды құны 87,2 млрд теңге екенін айтты. Оның ішінде республикалық бюджет есебінен – 40,3 млрд теңге, «РҒБО» АҚ меншікті қаражаты есебінен – 46,9 млрд теңге.

«Бұл сома спутниктік байланыс арналары мен теле-радио хабарларын тарату қажеттілігін ескере отырып, жобаның инвестициялық тартымдылығы мен экономикалық тиімділігі үшін жеткілікті. Экономикалық сараптамадан өту қорытындысы бойынша бас мердігер өндірушіні таңдау заңнамаға сәйкес және ең үздік техникалық шешімдер мен экономикалық орындылықты ескере отырып, конкурс негізінде жүргізілетін болады», – деді ол.

Айта кетсек, 2014 жылдың 28 сәуірінде Байқоңыр ғарыш айлағынан «KazSat-3» қазақстандық байланыс және хабар тарату спутнигі ұшырылған еді. 2016 жылдың 1 наурызында «OTAU TV» ұлттық спутниктік телевидение абоненттерін осы бортқа ауыстырылғаны және сынақтың аяқталғаны жарияланды. 2017 жылы еліміздің барлық телехабары «KazSat» ұлттық байланыс және хабар тарату спутниктеріне толықтай көшірілген болатын.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-11
Утром22.7 ℃
Днем35.3 ℃
Вечером34.51 ℃
Ночью27.11 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра4.96 м/с
2025-07-12
Утром23.98 ℃
Днем33.02 ℃
Вечером33.45 ℃
Ночью26.17 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра5.8 м/с