Қазақстанда ақпан айында ауа райы қандай болады?

Жалпы,  ақпан айы – жылдың ең құбылмалы айларының бірі, бұл ай ауа температурасының күрт өзгеруімен сипатталады.

Фото: rasfokus.ru

Қазгидрометтің хабарлауынша, ақпан айында республика аумағында екпінді жел, тұман және көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жалпы,  ақпан айы – жылдың ең құбылмалы айларының бірі, бұл ай ауа температурасының күрт өзгеруімен сипатталады.

Ақпан айының басында солтүстік-батыс циклонының әсерінен жауын-шашынды бұлтты ауа райы – қар, жылбысқы қар, жаңбыр, елдің солтүстік жартысында бұрқасын болжанады.  Республиканың басым бөлігінде ақпанның алғашқы күндерінде ауа температурасының көтерілуі күтіледі:

– елдің батысы мен оңтүстігінде күндіз 0,+10°С дейін;

– республиканың солтүстік жартысында түнде -2-7°С дейін, күндіз -4+1°С дейін.

Елдің шығысы мен орталығында температураның негізгі фоны түнде -12-20°С, күндіз 0,-8°С дейін жылынады деп болжанады.

Бірінші онкүндіктің екінші жартысында Салехард аудандарынан суық антициклонның әсерінен Қазақстанда ауа температурасының төмендеуі болжанады:

– елдің солтүстік жартысында түнде -28-35°С дейін, күндіз -20-25°С дейін;

– оңтүстік жартысында түнде -13-20°С дейін, күндіз -5-12°С дейін, таулы аймақтарда және оңтүстік аймақтардың солтүстігінде түнде -30°С дейін, күндіз -20°С дейін.

Ақпанның екінші және үшінші онкүндіктерінде консультативтік болжамға сәйкес, аязды күндер жылы күндермен алмасады, қар, тұман және көктайғақ күтіледі. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын, яғни жаңбыр, қар болуы мүмкін.

Суық антициклонның енуіне байланысты  қарқынды суық толқындар болжанады, бұл күндері ауа температурасы төмендейді:

солтүстік жартысында және ҚР орталығында түнде -25-35°С дейін, күндіз -15-25°С дейін;

республиканың оңтүстік жартысында және оңтүстік-батысында түнде -12-22°С дейін, күндіз -3-15°С дейін.

Ал циклондық белсенділік кезеңінде ауа температурасының Қазақстанның солтүстік жартысында күндіз -5+3°С дейін, елдің оңтүстік жартысында және оңтүстік-батысында күндіз +5+15°С дейін жоғарылауы күтіледі.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-11
Утром23.39 ℃
Днем35.3 ℃
Вечером34.51 ℃
Ночью27.11 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра4.96 м/с
2025-07-12
Утром23.98 ℃
Днем33.02 ℃
Вечером33.45 ℃
Ночью26.17 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра5.8 м/с