БҚО-да полиция есірткі жеткізу арнасын жойды

Барлығы есірткі заты бар 132 түйіншек тәркіленді, бұл қылмыстық әрекеттің ауқымды екенін растайды.

БҚО-да полиция есірткі жеткізу арнасын жойды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы облыс прокуратурасының үйлестіруімен Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарына есірткі жеткізу арналарын жойды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақтөбе қаласында Toyota автокөлігі тоқтатылды. Оның ішіндегі такси жолаушысын тінту кезінде ерекше иісі бар, жасыл түсті өсімдік зат салынған сөмке табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес бұл зат салмағы 10 келі шамасында кептірілген марихуана болып шықты. Ұсталған 35 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ Ақтөбе қаласында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 30 жастағы Орал қаласының тұрғыны ұсталды. Ол синтетикалық есірткілердің облысаралық жеткізілуін ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Полиция қызметкерлері оны есірткі жасырып жатқан кезде ұстады. Оны жеке тінту кезінде  әрқайсысында 25 шағын түйіншегі бар екі ірі орама табылды.

Оқиға орнын тексеру кезінде полиция қызметкерлері үш үлкен орама тауып, оның ішінен 60 түйіншек шықты, олардың барлығы ерекше иісі бар ұнтақ затпен толтырылған. Күдіктінің Ақтөбе қаласында жалға алынған пәтерін тексеру кезінде ішінде есірткі заты бар  22 зип-пакет және есірткі орау үшін қолданылатын зип-пакеттер, фольга және изолента табылды.

Барлығы есірткі заты бар 132 түйіншек тәркіленді, бұл қылмыстық әрекеттің ауқымды екенін растайды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-05
Утром-0.01 ℃
Днем1.07 ℃
Вечером0.32 ℃
Ночью0.99 ℃
Влажность79 %
ДавлениеhPa 1033
Скорость ветра2.18 м/с
2025-12-06
Утром0.28 ℃
Днем1.75 ℃
Вечером0.03 ℃
Ночью-0.76 ℃
Влажность75 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра2.65 м/с