БҚО әкімдігінің бұрынғы қызметкері қамауға алынды

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында БҚО әкімі аппараты ішкі аудит қызметінің бұрынғы жетекшісі Ербол Найзабековке қатысты іс қаралды.

Фото: Halyq Uni

Сот талқысында мәлім болғанындай, 1 қазан күні Volkswagen Tiguan автокөлігінің жүргізушісі бағдаршамда тоқтап тұрған Mercedes көлігін соққан. Салдарынан Mercedes «ВАЗ» және Skoda Rapid автокөліктерін түйген.

Volkswagen Tiguan автокөлігінің рулінде болған Ербол Найзабеков медициналық куәландыру нәтижесі бойынша орта дәрежелі мас күйінде болған. 

Судья Әсел Ғайнединованың айтуынша, сот істі қарау мерзімі өтпеген деп есептейді. 

Өйткені соңғы сараптама нәтижелері биылғы 24 қаңтарда алынған. Сондай-ақ сарапшы Ербол Найзабековтың мас күйінде болғандығын көрсеткен. Оның кінәсі дәлелденді, — деді Әсел Ғайнединова.

Ербол Найзабеков Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 608-бабы 3-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылып, ол 20 күнге әкімшілік қамаққа алынды. Сонымен қатар 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды. 

Әсел Ғайнединова жәбірленуші Ақбота Кеңестің бастапқыда хаттамада көрсетілмегенімен, істі зерттеу барысында оның Mercedes автокөлігінде отырғаны анықталғанын жеткізді. 

Сараптамаға сәйкес жәбірленушінің денсаулығына жеңіл дәрежеде зиян келтірілген. Егер емделу барысында тағы да сараптамадан өтіп, орта дәрежеде зиян келтірілген деп танылса, онда жаңадан ашылған мән-жай бойынша қылмыстық іс қозғалуы мүмкін, — деді судья. 

Сот қаулысы күшіне енген жоқ. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Жол-көлік оқиғасын жасаған БҚО әкімдігінің қызметкері жұмысынан босатылды

Оралдық шенеуніктің кесірінен студент қыз мүгедек боп қалуы мүмкін

БҚО әкімдігінің қызметкерін мас күйінде жаппай апат жасағаны үшін сөгіс немесе ескерту күтеді

 БҚО-да әкімдік қызметкері жол-көлік оқиғасына ұшыраған: істің жай-жапсары

Оралда облыс әкімдігінің қызметкері ЖКО жасады

    Помогите нам рассказывать правду

    Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

    Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

    Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

    Это просто сделать.

    Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

    x
    2025-12-14
    Утром-6.35 ℃
    Днем-8.3 ℃
    Вечером-10.01 ℃
    Ночью-9.19 ℃
    Влажность81 %
    ДавлениеhPa 995
    Скорость ветра12.27 м/с
    2025-12-15
    Утром-9.05 ℃
    Днем-8.12 ℃
    Вечером-9.07 ℃
    Ночью-10.24 ℃
    Влажность78 %
    ДавлениеhPa 1009
    Скорость ветра8.94 м/с