Қосымша құн салығының өсімі азық-түлік бағасына қалай әсер етеді

Бағаның көтерілуі тауарларға байланысты болмақ.

Ulysmedia.kz коллажы

Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев қосымша құн салығы көбеюі азық-түліктің бағасына қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжіліс кулуарында Ұлысмедиа тілшісі вице-министрден қосымша құн салығы 16 немесе 20 пайызға өскен жағдайда азық түлік қаншаға қымбаттауы мүмкін екенін сұрады. 

– Әлі шешім қабылданған жоқ. Бірақ қазір үкіметте әлеуметтік маңызы бар тауарларға салықты өсірмеу және үй жанындағы дүкендерге қосымша құн салығын қоспауды қарастырып жатырмыз. Негізгі түсінік бар. Сондықтан ауыл шаруашылығында салық жоқ, дүкендерде салық төмен болады және әлеуметтік маңызы бар тауарларға салық өспейді деп пайымдап жатырмыз. Ауыл шаруашылығында шығатын өнімдер салық өсіміне ұшырамайды. Әлеуметтік маңызы бар тауарларға қымбаттау әрдайым болады. Бірақ қарқынды өсім болмайды, дейді Төребаев. 

ЖҰМАНҒАРИН НЕ ДЕДІ

Еске салайық, 28 қаңтарда премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин салықтың көтерілуі тауарлар мен қызметтердің бағасына қалай әсер ететінін айтқан болатын. 

Жұманғарин салықтың көтерілуі тауар мен қызметтердің бағасына қалай әсер ететіні әлі есептеліп жатқанын айтты. 

– Мұны есептеп жатырмыз. Біз Ұлттық банк өкілдері, ірі кәсіпкерлер және сарапшылармен пікір алмастық. Олар арнайы макроқажылық модельдер арқылы есептейді. Бағаның көтерілуі тауарларға байланысты. Меніңше, күнделікті тұтынып жүрген тауарлар шамамен тек 5-6 пайызға артық көтерілмейді, алайда инфляция артады. Дегенмен ол да қысқа мерзімді ғана болмақ, яғни бір жылдық артық көтерілмейді. Оның үкіметке берері (ҚҚС) көп. Өйткені 6-7 трлн қосымша ақша үкіметтің даму бюджетіне барады, дейді Жұманғарин брифингте. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-18
Утром3.34 ℃
Днем4.25 ℃
Вечером3.89 ℃
Ночью3.42 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра4.8 м/с
2025-03-19
Утром2.04 ℃
Днем4.48 ℃
Вечером4.08 ℃
Ночью1.58 ℃
Влажность74 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра6.51 м/с