«2 млрд ағаш пен 15 млн ағаш қайда?»: Депутат Қазақстанда миллион ағаш егуге бөлінген қаражат ұрланып жатқанын мәлімдеді

Мәжілісте өткен экологиялық мәселелер бойынша заң жобасының таныстырылымында депутат Бақытжан Базарбек мәлімдеме жасады. Ол бюджеттен бөлінген қаражат жымқырылғанын жеткізді.

Ашық дереккөзден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, депутат Бақытжан Базарбек Қазақстанда ағаш егуге бөлінген миллиардтаған қаражат жымқырылып жатқанын айтты.

«Менің қолымда барлық облыс әкімдіктері ұсынған статистика бар, онда бюджет қаражатының жымқырылғаны айдан анық. Орман өсіреміз деген желеумен миллиардтаған ақша жымқырылып жатыр. 2020 жылы президенттің тапсырмасымен орман қорындағы жерлерде ағаштар санын көбейту үшін 2 млрд ағаш, ал елді мекен жерлерінде 15 млн ағаш егу жоспарланған. Мен бұл 2 млрд ағаш пен 15 млн ағаш қайда егілгенін анықтап көргім келді. Менде барлық әкімдіктің жауабы бар. Таңғалып отырмын. Ағаш саны жеткіліксіз. Егілуге тиіс 15 млн ағаш қайда? Миллиард ағаш туралы мүлдем ауыз ашпай-ақ қояйын», – дейді Базарбек.

Оның деректері бойынша Маңғыстау облысында 2021 жылы 556 мың ағаштың орнына шамамен 20 мыңға жуық ағаш егілген, 2022 жылы 167 мың ағаштың орнынан 21 мың тал егілген. Ал ШҚО-да 2021 жылы 127 мың ағаштың орнына 85 мың ағаш қана егіліпті.

«Міне, әр облыстағы жағдай осы. Кей жерде 30, кей жерде 50, кейбір жерлерде 150 мың ағаш жетіспейді. Менің сұрағым бар: мұны біреу бақылай ма әлде сіздер ақшаны тек бөлесіздер ме? Осы ағаштарды егуге бюджеттен қыруар ақша бөлінген. Бұл деректер бойынша бірде бір қылмыстық іс қозғалған жоқ. Ешкім жауапкершілікке тартылған жоқ», – деді Базарбек.

Депутаттың бұл статистикасына Экология министрлігі жазбаша жауап қайтаруға уәде берді. Сонымен бірге ведомство өкілі неге қылмыстық іс қозғалмағанының себебін де осы жауапта ұсынбақ.

«Отырғызылатын материал мен 2 млрд ағашқа қатысты: бұл жұмыстар орындалып жатыр. Сараптама барысында біз кей өңірлерде статистика деректерімен сәйкессіздіктер барын анықтап жатырмыз. Толық ақпаратты сізге жақын күндері ұсынуға дайынбыз», – деді экология вице-министрі Жомарт Әлиев.

Бақытжан Базарбек министрлікпен бірге ақша бөлінген, алайда іс жүзінде ағаштар егілмеген өңірлерді тексеру туралы ұсыныс жасады. Бұл облыстар – Жетісу, Абай, Ақтөбе, Ақмола, Атырау, ШҚО, Қарағанды, Маңғыстау және Түркістан облыстары.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: БҚО-да екі жылда егілген көшеттің тек 6,8 пайызы жерсінген: бюджет қаражаты неге рәсуа болды?

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-18
Утром3.34 ℃
Днем4.25 ℃
Вечером3.89 ℃
Ночью3.42 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра4.8 м/с
2025-03-19
Утром2.04 ℃
Днем4.48 ℃
Вечером4.08 ℃
Ночью1.58 ℃
Влажность74 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра6.51 м/с