БҚО-да алаяқ ауыл тұрғыны атына несие алған
Ол өзінің ұялы телефонына жүктелген жәбірленушінің «Kaspi Gold» мобильді қосымшасы арқылы онлайн түрде бірнеше рет жалпы соммасы 2 399 274 теңге сомасында мүліктік зиян келтірген.

Жәнібек аудандық сотымен ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігінің 4) тармағымен, алаяқтық бойынша қылмыстық құқық бұзушылық іс қаралды,-деп хабарлайды БҚО облыстық сотының баспасөз қызметі.
2023 жылдың 1 желтоқсанында, Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылында жәбірленуші, сотталушыдан өзінің атындағы «Home Credit Bank» АҚ-дағы несиесін тексеріп беруін өтінген. Жәбірленушінің телефоны болмауына байланысты, сотталушы өзінің ұялы телефонына, жәбірленушінің атынан «Home Credit Bank» АҚ қосымшасын жүктеген Осы уақытта сотталушы, жәбірленушінің «Home Credit Bank» АҚ ‑дағы несиесін тексеруге көмектескен сыңай танытып, өзінің ұялы телефонына оның атынан «Kaspi Bank» АҚ-ның «Kaspi» қосымшасын жүктеп, есепшот ашып, оңтайлы сәтті пайдалана отырып, бет-әлпетін суретке түсіріп алады.
Жәбірленушінің атынан «Kaspi Bank» АҚ арқылы онлайн түрде 499 274 тг тауарлы несие рәсімдеп, «Instagram» жүйесі бойынша тергеумен анықталмаған тұлға арқылы тауарды ақша сомасына айналдырып, жәбірленушінің есепшотына түскен 379 450 теңгені өзінің атына ашылған «Kaspi Bank» АҚ-дағы есепшотына аудару арқылы жымқырған.
Әрі қарай, сотталушы, өзінің ұялы телефонына жүктелген жәбірленушінің «Kaspi Gold» мобильді қосымшасы арқылы онлайн түрде бірнеше рет жалпы соммасы 2 399 274 теңге сомасында мүліктік зиян келтірген.
Содан кейін, 2024 жылдың 19 тамызында сотталушы жәбірленушінің атына рәсімделген несие бойынша 1 299 274 теңге сомасын төлеп тастаған, нәтижесінде жәбірленушіге жалпы соммасы 1 100 000 теңге сомасында мүліктік зиян келтірген.
Сот іс құжаттарын зерттеп және істің мән-жайлары бойынша әрбір дәлелдемеге қатыстылығы, жол берілушілігі, дұрыстығы, ал барлық жиналған дәлелдемелерге олардың жиынтығына істі шешу үшін жеткіліктілігі тұрғысынан баға бере отырып, сот сотталушының кінәсі объективті түрде дәлелденгенін, қылмыс дұрыс дәрежеленген деп санады.
Сонымен қатар, жәбірленуші сотталушыдан қылмыспен келтірілген материалдық залалы ретінде қойып отырған 1 100 000 теңге азаматтық талабы толығымен қанағаттандырылуға жатады деп белгіледі.
ҚК-нің 58-бабы 3-бөлігіне сәйкес, егер қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығына ауыр немесе аса ауыр қылмыс кірсе, онда түпкiлiктi жаза онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру арқылы немесе жазаларды iшiнара немесе толық қосу арқылы тағайындалады, сол себепті сот, сотталушыны кінәлі деп танып, түпкілікті жаза ретінде 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Жәбірленушінің талап арызы толық қанағаттандырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Батыс Қазақстан облысындағы полицейлер интернет-алаяқтық фактілерімен күресуді жалғастыруда. Тек қаңтар айында алаяқтар облыс тұрғындарын түрлі схемалар мен тактикаларды қолдана отырып, 100 млн теңгеге алдаған.
Ең маңызды оқиғалардың бірі Бәйтерек ауданындағы алданған ерлі-зайыптылардың тарихы болды. Алаяқтар үш күн бойы ерлі-зайыптылардың сеніміне ие болды, нәтижесінде әйел ер адамға қоңырау шалып, ақша табуға және қарыздарын өтеуге көмек ұсынды. Бастау үшін олар 47 250 теңге аударуды сұрады. Тұрақты бейне қоңыраулар мен ақша аудару нұсқаулары ерлі-зайыптылардың несие рәсімдеуіне және алаяқтардың шоттарын төлеуге әкелді. Залалдың жалпы сомасы 9 млн теңгеден асты.
Келесі жағдайда, зейнеткерлер өздерін Beeline компаниясының қызметкерлері ретінде таныстырған алаяқтардың құрбаны болды. Қоңырау шалушылар өздерінің SIM карталарының мерзімі аяқталғанын және жаңарту үшін «Aitu_Pass»арқылы келген кодты белгілеу қажет екенін хабарлады. Осыдан кейін» Халық банкінің қызметкерінен » қоңырау келіп түсті, ол зейнеткердің атына несие берілетінін хабарлады. Нәтижесінде алаяқтар депозиттерге қол жеткізіп, зейнеткерлерден 11 млн теңгеден астам ақшасын қолды қылған.