Енді оқушыларға арналған мәзірді дәрігерлер жасайды

Балалар мәзірінен газдалған сусындар, құрамында қант мөлшері көп және құрамында кофеині бар сусындар алынып тасталады.

Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан мектептегі тамақтанудағы өзгерістер туралы хабарлады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, ведомствода мектеп асханаларында тамақтану нормалары қайта қаралған.

«Біз мектептердегі тамақтану нормаларын қайта қарастырдық. Өзгерістер тағамдардағы қант пен тұзды азайтуға қатысты болды. Сондай-ақ, балалар мәзірінен газдалған сусындар, құрамында қант мөлшері көп және құрамында кофеині бар сусындар алынып тасталады, бұл балалардың денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін», – деді Еділ Оспан ведомство алқасы басталар алдында оқушылар сарайының кулуарында.

Сонымен қатар, оның айтуынша, денсаулық сақтау министрлігімен және халықаралық мамандармен бірлесіп мектепте тамақтануды ұйымдастырудың жаңа стандарттары әзірленіп жатыр.

«Олар жаңа оқу жылынан бастап денсаулық сақтау мамандары мектептерде тамақтануды ұйымдастырудың перспективалық модельдерін енгізумен айналысады», – деп толықтырды вице-министр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-18
Утром3.34 ℃
Днем4.38 ℃
Вечером3.91 ℃
Ночью3.42 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра4.8 м/с
2025-03-19
Утром2.04 ℃
Днем4.48 ℃
Вечером4.08 ℃
Ночью1.58 ℃
Влажность74 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра6.51 м/с