Несиені мерзімінен бұрын қалай өтеуге болады: қазақстандықтар үшін маңызды кеңестер

Сондай-ақ, мамандар кредиттік тарихты бақылауда ұстауды ұсынады. 

коллаж: Halyq Uni

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2025 жылғы 6 ақпанда несиені мерзімінен бұрын өтеу кезінде нені ескеру керектігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство несиені мерзімінен бұрын өтеу қарыз алушыға артық төлемді азайтуға және қарызды тезірек жабуға мүмкіндік беретіндігін еске салды.

Біріншіден, шарт талаптарын тексеріңіз. Несие алмай тұрып банктен мерзімінен бұрын өтеу шарттарын нақтылаңыз. Қазақстан заңнамасы мұндай жағдайда айыппұл салуға тыйым салады, бірақ бірнеше талап бар:

  • егер несие мерзімі бір жылға дейін болса, банк алғашқы алты ай ішінде кредитті толық өтеу кезінде өтемақы ұстауы мүмкін;
  • егер несие бір жылдан ұзақ мерзімге рәсімделсе, алғашқы он екі ай ішінде кредитті өтеу кезінде айыппұл салынуы мүмкін.

Сондай-ақ, банк берешекті мерзімінен бұрын өтеу үшін арнайы өтініш талап етпейтінін тексеру қажет. 

Екіншіден, қарыз сомасын нақтылаңыз. Егер мерзімі өткен төлемдер немесе айыппұлдар болса, қаражат алдымен соларды өтеуге жұмсалуы мүмкін. Күтпеген шығындарға жол бермеу үшін банкке хабарласып, нақты қарыз сомасын анықтаңыз.

Үшіншіден, өтеу әдісін таңдаңыз. Мерзімінен бұрын өтеу толық немесе ішінара болуы мүмкін:

  • Толық өтеу – қарыздың барлық сомасын, оның ішінде нақты пайдаланылған кезең үшін есептелген пайыздарды жабады.
  • Ішінара өтеу – негізгі қарыз сомасын азайтады, артық төлемді төмендетеді. Бұл жағдайда несие мерзімін қысқарту немесе ай сайынғы төлем мөлшерін азайту нұсқалары ұсынылады. Әдетте, бірінші нұсқа тиімдірек.

Төртіншіден, несие төлеу тәртібін тексеріңіз. Кейбір банктер мерзімінен бұрын өтеуді арнайы мобильді қосымша арқылы жүргізуді немесе банк бөлімшесінде өтініш жазуды талап етеді. Егер қаражатты жай ғана шотқа салсаңыз, олар несие кестесіне сәйкес есептеліп, қарыз сомасы азаймауы мүмкін.

Бесіншіден, несие төленгенін растайтын анықтама алыңыз. Толық өтегеннен кейін, банктен қарыздың жабылғанын растайтын құжат талап етіңіз. Бұл есеп жүргізу кезінде қателіктердің алдын алуға көмектеседі. 

Сондай-ақ, мамандар кредиттік тарихты бақылауда ұстауды ұсынды. 

Мысалы, несие жабылғаннан кейін, кредиттік бюролардың сайттарында өз кредиттік тарихыңызды тексеріңіз. Егер қате анықталса, банкке немесе микроқаржы ұйымына (МҚҰ) жүгініп, растайтын құжаттарды ұсыныңыз.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.22 ℃
Днем9.96 ℃
Вечером10.94 ℃
Ночью6.37 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра3.16 м/с
2025-03-29
Утром2.83 ℃
Днем10.57 ℃
Вечером11.89 ℃
Ночью8.04 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.34 м/с