Әзербайжан Бакудегі Орыс үйін жапқалы жатыр
Орыс үйі жалға алынған үйден бір жарым ай ішінде кетуге міндеттелген, өйткені иесі оны шұғыл түрде сатуға ниет білдірген.

Россотрудничество Әзербайжан билігінен Орыс үйінің жұмысын тоқтатылатыны туралы ресми хабарлама алды. Агенттік басшысы Примаков Ресей СІМ жағдайды реттеу үшін жұмыс істеп жатқанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ресей мәдениетін шетелде ілгерілетуге жауапты, Орыс үйін (Ресей мәдени орталығы) басқаратын Россотрудничество Бакуде Әзірбайжан билігінен қызметін тоқтататыны ресми хабарлама алды.
Әзербайжанның өзі донор әрі сырттан көмекке мұқтаж емес. Әсіресе егер ол ұйым сұр схемалар негізінде және құрылымы барлау сипатына ие ұйымдар арқылы болса, – деп түсіндірген басылымға сұхбаттасушылардың бірі.
Әзербайжан АҚШ-тың халықаралық даму агенттігіне де (USAID) қатысты осындай шешім қабылдаған.
Орыс үйі жалға алынған үйден бір жарым ай ішінде кетуге міндеттелген, өйткені иесі оны шұғыл түрде сатуға ниет білдірген.
АҚТАУ МАҢЫНДАҒЫ АПАТ
25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 38 адам қаза тапты.
Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы.29 адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, олардың арасында екі бала бар. Апаттан аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ.
Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялады.
Ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс ашылып, қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды.
25 желтоқсанда апатқа ұшыраған әуе кемесінің қара жәшігі табылды. Ал 26 желтоқсанда Маңғыстау облысының көліктегі прокуроры Абылайбек Ордабаев ұшақ құлаған жерден тағы бір «қара жәшік» табылғанын айтты.

Сондай-ақ, Ақтауда Azerbaijan Airlines ұшағының апатынан қаза болғандарды еске алуға арналған ас өтті. Іс-шараны Қазақстан мен Әзербайжан елшілігі ұйымдастырған. Аста кәсіпкер Амиль Юсифовтың бастамасы көптің назарын аудартты.
Әзербайжан кәсіпкері Алматыдағы екі бөлмелі бес пәтерді қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына тапсырды. Тұрғын үй жиһазбен және тұрмыстық техникамен толық жабдықталған.

Сонымен қатар, Юсифов Қазақстанға Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментіне, қалалық ауруханаға және жедел жәрдем станциясына үш көлік тарту етті. Маңғыстау әкімі Нұрдәулет Қилыбай кәсіпкерге қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, бұл қолдау Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы берік достықтың кезекті символына айналғанын атап өтті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Мәскеу кінәсін мойындау керек: AZAL апатына байланысты Әзірбайжан халықаралық сотқа жүгінбек
Ақтаудағы ұшақ апаты: Қара жәшік оқылды. Әлиев Ресейді айыптайды!
Ресей ұшақ апаты үшін кешірім сұрауы керек – Әзербайжан депутаты
«Міне, нағыз дос, шынайы бауыр». Әзірбайжан Президенті Қазақстанға алғыс айтты