Астанада 1,8 млрд теңгеге Кәрім Мәсімовтің үйі сатылып жатыр

Аукцион аясында Астана қаласы Нұра ауданы Қараөткел шағын ауданы Ерейментау көшесі, 1-құрылыс мекенжайында орналасқан жертөлесі бар тұрғын үй сатылымға қойылған. 

Ulysmedia коллажы

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы аукцион арқылы Астанада қымбат үйдің бірін саудаға шығарды, деп жазады Ulysmedia.kz.

ҮЙ ҚАЙДА ОРНАЛАСҚАН

Аукцион аясында Астана қаласы Нұра ауданы Қараөткел шағын ауданы Ерейментау көшесі, 1-құрылыс мекенжайында орналасқан жертөлесі бар тұрғын үй сатылымға қойылған. Нысан барлық қатысушылар үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін ашық және бәсекеге қабілетті шарттарда жүзеге асырылады.

Аукционның негізгі көрсеткіштері:

  • Сауда нөмірі: 338261
  • Нысан: Жертөлесі бар тұрғын үй
  • Бастапқы бағасы: 1 883 338 958,00 теңге
  • Кепілдік жарна: 117 960 000,00 теңге
  • Формат: Бағаны көтеру аукционы
  • Сауда басталатын күн мен уақыт: 2025 жылғы 25 ақпан, сағат 10:00

Саудаға қалай қатысу үшін Е-Qazyna платформасында тіркеліп, сауда басталғанға дейін кепілдік жарнаны енгізіп, аукционға қатысып, өз ставкаңызды жасауыңыз керек.

СОТТАСУ

Бұған дейін екі елде іздеуде жүрген Мәсімовтің күйеубаласы бұрынғы әйелімен соттасып жатқанын жазған едік.

Бітпейтін соттар, іздеу және отбасындағы дау-дамай – қашқын кәсіпкер Азамат Қапеновтың өмірі қазір осылай өтіп жатыр. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің күйеубаласы болған Қапенов 2022 жылы ықпалды қайынатасы қамауға алынғаннан кейін бірден із суытып кеткен. Содан бері ол Қазақстанда ғана емес, екінші азаматтығы бар Ресейде де іздестіріліп жатыр. Ulysmedia.kz Мәскеу соттарында Азамат Қапеновтың есімімен байланысты көп талап-арызды тауып алды. Ол Мәсімовтің қызы – Тамилла Кәріммен мүлікке байланысты соттасып жатқанын екі жыл болды. Қапеновтың туған анасы оны Мәскеу орталығындағы қымбат пәтерден қуып жіберген, ал Ресейдің құқық қорғау органдары кәсіпкерді алаяқтығы үшін халықаралық іздеуге жариялаған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-18
Утром3.34 ℃
Днем4.25 ℃
Вечером3.89 ℃
Ночью3.42 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра4.8 м/с
2025-03-19
Утром2.04 ℃
Днем4.48 ℃
Вечером4.08 ℃
Ночью1.58 ℃
Влажность74 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра6.51 м/с