Қазақстанда 93 ата-анаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

URPAQ жобасы отбасылардағы жасырын зорлық-зомбылық түрлерін анықтауға бағытталған.

ЖИ / ulysmedia.kz

Бас прокурор Берік Асылов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында прокуратура қабылдап жатқан кешенді шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

63 МЫҢ ОТБАСЫ

Прокурорлар «Бақытты және Қауіпсіз Балалық Шақ» жобасы аясында прокурорлар балаларға қатысты қауіп немесе зорлық-зомбылық фактілерін анықтау үшін 63 мыңнан астам отбасына барды.

НӘТИЖЕСІ ҚАНДАЙ

  • Қамқоршыларға, асырап алушыларға, ата-аналарға және басқа да тұлғаларға қатысты 93 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды;
  • 11 мың ата-ана мен заңды өкілдер бала тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды;
  • 342 бала аса ауыр жағдайға тап болғандықтан, қолайсыз отбасылардан мемлекет қамқорлығына алынды.

ТЕКСЕРІС НӘТИЖЕСІ

  • 54 ата-ананың құқықтарын шектеу және 92 ата-ана құқығынан толық айыру туралы талап-арыздар берілді;
  • 2 мыңнан астам отбасыға материалдық көмек көрсетілді (алғашқы көмек заттары, азық-түлік, оқу құралдар, көмір және басқалары);
  • 1 мыңнан астам отбасыға тұрғын үй мәселесі бойынша қолдау көрсетілді;
  • 10 мың отбасыға медициналық және әлеуметтік көмек ұсынылды;
  • Балаларға 4,5 млрд теңге көлемінде алимент өндіріп алынды.

URPAQ ЖОБАСЫ ТУРАЛЫ

Бұл жоба отбасылардағы жасырын зорлық-зомбылық түрлерін анықтауға бағытталған. Ол зардап шеккендерге психологиялық және заңдық қолдау көрсету бойынша кешенді көмекті қамтиды.

ЖОБА НӘТИЖЕСІ

  • ШҚО-да екі буллинг фактісі тоқтатылды: 12 жастағы балаға жасалған қорлық және колледж студентіне көрсетілген қысым. Кінәлілер тәртіптік жазаға тартылып, профилактикалық жұмыс жүргізілді;
  • Қорқытып ақша алу фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Мысалы, 16 жастағы студент жасөспірімдерден ақша талап етіп, оларға пышақпен қоқан-лоқы жасаған. Басқа мектепте жоғары сынып оқушылары 7-сынып оқушысынан ақша бопсалаған. Кінәлілер мектепішілік есепке алынып, ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: БҚО-да 1214 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған

БҚО-да он бала ата-ана құқығынан айырылуына байланысты балалар үйіне түсті

«Бала бетімен кетеді» – «Қазақстандық ата-аналар одағы» Тоқаевқа үндеу жасады

Баласының өміріне бейжай қараған ата-ана енді айыппұлмен құтылмайды

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-18
Утром19.94 ℃
Днем28.78 ℃
Вечером31 ℃
Ночью26.1 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра6.04 м/с
2025-07-19
Утром17.17 ℃
Днем25.19 ℃
Вечером26.78 ℃
Ночью18.79 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра6.33 м/с