«Қазақстандағы еттің қымбаттауы сұраныстың көптігінен» – АШМ басшысы
Министр ет бағасының қымбаттауына қуаңшылықтың қатысы жоқ екенін айтты.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ет бағасының өсуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Министр ет бағасының қымбаттауына қуаңшылықтың қатысы жоқ екенін айтты.
«Себебі қуаңшылықта емес. Өткен жылы жазда қуаңшылық болып, былтыр қалыпты өнім алдық. Екі жыл бұрын астықтың қанша тұратынын, қазір қанша тұратынын өздеріңіз көріп отырсыздар. Теңгерімді азықтандыруға жем-шөбіміз жеткілікті – бұл өте арзан, шамамен 50 мың теңге. Сондықтан құрғақшылық ет құнына әсер ете алмады», – деді Айдарбек Сапаров.
Оның айтуынша, бағаға Тәжікстан мен Өзбекстан тарапынан сұраныстың жоғары болуы әсер еткен. «Аймақтарда етті белсенді түрде сатып алады, осының аясында делдалдар да бағаны көтере бастайды. Бірақ қазір жағдай біртіндеп тұрақталды. Мен кеше ет жеткізумен айналысатындармен сөйлестім. Бағаның келісі 2700 теңгеден басталып, 3300 теңгеге дейін жетеді, ең қымбатын 3500-ге таба аласыз. Бірақ жалпы ет жеткілікті. Баға болжамына келетін болсақ, мен алдын ала айта алмаймын, өйткені бұл бөлшек сауда желілеріне қатысты. Ауыл шаруашылығы министрлігі ретінде біздің жұмысымыз өндірісті қамтамасыз ету. Сауда департаменті мен облыстық билік үстеме бағалар мен шекті бағаларды бақылауға жауапты», – деп қосты Айдарбек Сапаров.
Ауыл шаруашылғы министрі Ресейге Қазақстаннан барған тауық етіндегі «қауіпті бактерия» туралы да сөз қозғады.
Министр Ресейдің мәлімдемесін растамады. Ол Қазақстаннан Ресейге барған тауық етінде қауіпті бактериялар анықталмағанын айтты.
«Біз қауіпсіздік үшін өзіміз тексердік, сынақтар алдық. 10 ақпанда нәтижелер шықты. Бәрі дұрыс. Бұл жерде бәсекелестік және басқа да мәселелер болуы мүмкін. Бірақ жалпы жұмыс жүріп жатыр, әрі қарай да экспорттай береміз», – деді Сапаров.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Өзбекстан мен Ресей Қазақстаннан ет экспорттауда көшбасшы болды