БҚО қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша конкурс болады
Байқау туралы хабарландыру 3 ақпанда жарияланды.

10 күн ішінде Қоғамдық кеңестің құрамына кіргісі келетіндерден өтініштер қабылданады.
Өтініштерді қабылдаудың соңғы күні–13 ақпан.
Қоғамдық кеңестер республикалық және жергілікті деңгейлерде талқылау және шешімдер қабылдау кезінде азаматтық қоғамның мүдделері мен халықтың пікірін білдіруге арналған консультативтік-кеңесші және байқаушы органдар ретінде құрылады.
Қоғамдық кеңестер не істейді?
Мемлекеттік органдардың шешімдеріне өз ұсынымдарын береді, мемлекеттік органдардың қызметіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз етеді, НҚА(нормативтік құқықтық акт) жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысады, заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді, азаматтардың өтініштерін қарайды.
Қоғамдық кеңестің өкілеттік мерзімі-3 жыл.
Кеңеске 18 жастан асқан және тиісті облыста немесе қалада тұратын кез келген ҚР азаматы кіре алады. Кеңестегі жұмыс қоғамдық, яғни ақылы емес екенін ескеріңіз.
Сіз Қоғамдық кеңестің мүшесі ретінде халыққа пайдалы бола алатын адамдарды білесіз бе?