«IMEI коды жоқ болса, байланыс та жойылады»: Қазақстанда дұрыс тіркелмеген смартфондар бұғатталады

Министрлік елдегі ұялы телефондар үш деңгейде: ақ, сұр, қара тізім қолданылатынын жеткізді. Енді ұялы байланыс операторлары абоненттік құрылғының сәйкестендіру коды мен абоненттік нөмірдің иесінің тіркелген деректерімен сәйкестігін тексереді.

Фото: pixabay.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бұйрығына сәйкес енді 24 наурыздан бастап ұялы байланыс абоненттік құрылғыларын тіркеу ережелері жаңартылады. Енді IMEI коды жоқ немесе GSMA халықаралық қара тізіміне енгізілген құрылғылар бұғатталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Министрлік елдегі ұялы телефондар үш деңгейде: ақ, сұр, қара тізім қолданылатынын жеткізді. Ақ тізімге тексеруден сәтті өткен және дерекқорға енгізілген құрылғылар кіреді. Ал сұр тізімде қосымша тексеруді қажет ететін, бірақ желіде 30 күнге дейін уақытша жұмыс істеуге рұқсаты бар құрылғылар болады. Қара тізімге қате немесе өзгертілген сәйкестендіру коды бар, зауыттық IMEI коды жоқ немесе GSMA халықаралық қара тізіміне енгізілген құрылғылар жатады.

Енді ұялы байланыс операторлары абоненттік құрылғының сәйкестендіру коды мен абоненттік нөмірдің иесінің тіркелген деректерімен сәйкестігін тексереді. Сонымен қатар оны Қазақстан Республикасының ұялы байланыс желілерінде пайдаланудың заңдылығын растайтын дерекқорларда ақпараттың болуын қарайды. 

Оператор иелеріне олардың құрылғыларының мәртебесі туралы хабарлауға міндетті. Мәселен, сұр тізімге енсе смартфонды пайдаланудың заңдылығын растау қажеттілігі туралы иесіне ескерту керек. Ал егер иесі верификацияны белгіленген мерзімде өтпесе, құрылғы автоматты түрде қара тізімге көшіріледі және мобильді желіге кіру бұғатталады.

«Сәйкестендіру кодтары дерекқорының операторы тексеруді аяқтаған соң, теріс нәтиже болған жағдайда 3 жұмыс сағаты ішінде құрылғы туралы мәліметтерді қара тізімге көшіреді. Кейін ұялы байланыс операторларына тиісті хабарлама жібереді.  Ал ұялы байланыс операторы құрылғы иесіне тыйым салу негіздерін көрсете отырып, байланыс қызметтерін ұсынуға тыйым салынғаны туралы хабарлайды», – делінген хабарламада. 

Сонымен қатар жөндеуден өткен құрылғылардың тіркелуін бақылау қосымша күшейтілді. Уәкілетті қызмет көрсету орталықтарында IMEI-ді ауыстыру кезінде деректер GSMA халықаралық базасы (ғаламдық ұялы байланыс жүйесі қауымдастығының дерекқоры) арқылы расталуы тиіс.

Бұйрық ресми жарияланғаннан кейін 60 күннен кейін күшіне енеді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-19
Утром18.23 ℃
Днем25.11 ℃
Вечером27.03 ℃
Ночью19.56 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра5.72 м/с
2025-07-20
Утром16.14 ℃
Днем29.25 ℃
Вечером32.2 ℃
Ночью23.75 ℃
Влажность26 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра4.2 м/с