Жерлестеріміз бір жылда 304 миллиард теңге айыппұл төлеген

Өткен жылы мұндай құқықбұзушылықтар саны 15,1 миллионнан асса, 2019 жылы тек 6,1 миллион болған.

Ашық дереккөзден

Кейінгі бес жылда Қазақстанда тіркелген әкімшілік құқық бұзушылықтар саны 2,5 есе өскен, деп хабарлайды Finprom.kz сайты.

Өткен жылы мұндай құқықбұзушылықтар саны 15,1 миллионнан асса, 2019 жылы тек 6,1 миллион болған.

Әрбір осындай оқиға үшін құқықбұзушыларға әртүрлі әкімшілік жазалар қолданылды: 2024 жылға 14,7 млн болды. Оның ішінде айыппұлдар – 84%, ескерту – 12%, әкімшілік қамауға алу – 0,6%, шетелдік құқықбұзушыларды елден шығару істері – 0,2% және басқа да жаза түрлері қолданылды.

Әкімшілік жазалардың көбеюі құқықбұзушылықтардың санына тікелей байланысты.

12 айда тәртіп бұзушыларға салынған ақшалай айыппұлдың жалпы сомасы 304,3 млрд теңге болды, 2023 жылмен салыстырғанда 63,9% артық. 2019 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда (71,9 млрд теңге) 4,2 есе өскен.

Сонымен қатар салынған айыппұл көлемі де соңғы жылдардағы рекордтық көрсеткіш болды. Ең жоғары айыппұл 2024 жылы 190,5 млрд теңгеге жақындады (өткен жылмен салыстырғанда 30,5% көп).

2024 жылға салынған әкімшілік айыппұл көлемі бойынша Алматы қаласы мен Маңғыстау облысы көш бастады: 60,1 млрд және 40,5 млрд теңге. Алматылықтардың көбі жол ережесіне қатысты көп айыппұл төлеген. Мысалы 60,1 миллиард теңгенің 40,1 миллиарды көлік және жолдағы бұзушылықтар үшін төленді.

Маңғыстау облысындағы ірі көлемдегі айыппұлдар экологияға қатысты. Жалпы соманың 76,2%-ы немесе 30,9 млрд теңгесі кәсіпорынның қалдықтардың шегінен асып кетуіне байланысты.

Өткен жылы әкімшілік айыппұлдардың 91%-ы жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін салынған. Айыппұл салуға әкеп соққан 12,7 миллион әкімшілік істің 11,6 миллионы осы санатқа жатады. Көбіне жылдамдықты арттыру (5,9 миллион) және жол белгілері немесе таңбалау талаптарын сақтамау (2,9 миллион) болды.

Салыққа қатысты әкімшілік құқықбұзушылықтар – 35 млрд теңге, қоғамдық тәртіп пен имандылыққа нұқсан келтіретін құқық бұзушылықтар – 10 млрд теңге, сауда және қаржы саласындағы құқықбұзушылықтар 8,4 млрд теңге болды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-23
Утром0.6 ℃
Днем3.33 ℃
Вечером5.05 ℃
Ночью0.1 ℃
Влажность72 %
ДавлениеhPa 1032
Скорость ветра5.71 м/с
2025-03-24
Утром-2.24 ℃
Днем5.97 ℃
Вечером6.69 ℃
Ночью2.24 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1034
Скорость ветра5.18 м/с