Қазақстандықтардың жалақысы ресми көрсеткіштен әлдеқайда төмен болып шықты

Зерттеу нәтижелері бойынша, ең төмен жалақы алатындардың қатарында біліктілігі жоқ жұмысшылар бар – олардың еңбекақысы орташа жалақының тек 44%-ын құрайды. 

фото: Halyq Uni

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елдегі орташа айлық жалақы 390 300 теңгені құрайды. Алайда, 16 саланың 9-ында бұл көрсеткіштен төмен жалақы төленеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Energyprom.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ең төменгі орташа жалақы білім беру, ауыл шаруашылығы, өнер, ойын-сауық және демалыс салаларында тіркелген. Білім беру саласында орташа жалақы – 272 мың теңге, ауыл шаруашылығында – 283,8 мың теңге, ал өнер, ойын-сауық және демалыс саласында – 267,2 мың теңге.

Сарапшылардың айтуынша, номиналды жалақы – бұл тек статистикалық көрсеткіш. Ол жалпы еңбекақы қорын қызметкерлер санына бөлудің нәтижесінде есептеледі. ҰСБ мәліметтеріне сәйкес, өткен жылы барлық салаларда модальды жалақы номиналды жалақыдан төмен болып, 97,6 мың теңгені құраған.  Мұндай жалақы мемлекеттік басқару (97,6 мың теңге), сараптамалық қызмет (117,5 мың теңге), ауыл шаруашылығы (148,8 мың теңге) және т.б салаларда байқалған.

Жылына бір рет Ұлттық статистика бюросының сарапшылары жалдамалы жұмысшылардың жалақы деңгейіне талдау жүргізеді. Соңғы есеп 2024 жылғы сәуір айындағы мәліметтер негізінде жасалған. Бұл деректер әртүрлі деңгейдегі мамандардың жалақысы өз саласындағы орташа көрсеткіштен қаншалықты айырмашылығы бар екенін бағалауға мүмкіндік береді.

“Зерттеу нәтижелері бойынша, ең төмен жалақы алатындардың қатарында біліктілігі жоқ жұмысшылар бар – олардың еңбекақысы орташа жалақының тек 44%-ын құрайды. Қызмет көрсету және сату саласындағы мамандар да орташа деңгейге жете алмайды, олардың жалақысы 51%-ды құрайды. Әкімшілік қызметкерлердің табысы орташа көрсеткіштің 76%-ына тең, ал техникалық мамандар мен көмекші персонал 84% деңгейінде жалақы алады. Керісінше, кәсіби мамандар орташа деңгейден жоғары еңбекақы алады – олардың табысы 111%-ды құрайды, себебі олар көбінесе негізгі қызметкерлер болып саналады. Ал басшылардың жалақысы одан да жоғары, олардың еңбекақысы орташа деңгейден 163%-ға көп”, – дейді сарапшылар. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-23
Утром1.87 ℃
Днем5.02 ℃
Вечером5.17 ℃
Ночью0.45 ℃
Влажность58 %
ДавлениеhPa 1033
Скорость ветра5.59 м/с
2025-03-24
Утром-1.94 ℃
Днем6.22 ℃
Вечером6.81 ℃
Ночью2.74 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1035
Скорость ветра5.19 м/с