Қазақстанда көліктерді техникалық тексерістен өткізу ережелері өзгерді

Бұл өзгерістер Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 7 ақпандағы №38 бұйрығына сәйкес енгізіліп, 2025 жылғы 5 сәуірден бастап күшіне енеді.

Ашық дереккөзден

Қазақстанда техникалық тексерісті ұйымдастыру және өткізу ережелері өзгерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Енді техникалық тексеріс операторлары өз қызметін екінші санаттағы рұқсатты алған күннен бастап бастай алады. Бұған дейін бұл процесс рұқсат туралы хабарлама берілген күннен бастап жүзеге асырылатын.

Техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің (ТБЖ) операторы, көлік құралында пайдалануға тыйым салынған ақаулар анықталса, диагностикалық картаның күшін жояды.

Көлік құралдарының міндетті техникалық тексеру мерзімі олардың санатына байланысты белгіленеді.

Шығарылған жылын қоса есептегенде, 7 жылдан асқан, бірақ кәсіпкерлік мақсатта пайдаланылмайтын М1 санатындағы көліктер, сондай-ақ шығарылған жылын қоса есептегенде, 1 жылдан асқан N1-3, О1-4, L1-7 санатындағы көліктер әр 12 ай сайын техникалық тексеруден өтеді.

Ал кәсіпкерлік мақсатта қолданылатын М1 санатындағы көліктер, жолаушылар тасымалдауға арналған М2, М3, N санатындағы көліктер және қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған немесе арнайы жабдықталған М1, N1-3, О1-4 санатындағы көліктер әр 6 ай сайын техникалық тексеруден өтуі тиіс.

Бұл өзгерістер Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 7 ақпандағы №38 бұйрығына сәйкес енгізіліп, 2025 жылғы 5 сәуірден бастап күшіне енеді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-18
Утром3.34 ℃
Днем4.12 ℃
Вечером3.86 ℃
Ночью3.42 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра4.8 м/с
2025-03-19
Утром2.04 ℃
Днем4.48 ℃
Вечером4.08 ℃
Ночью1.58 ℃
Влажность74 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра6.51 м/с