Жеңістің 80 жылдығы: Астанада өтетін әскери шеруге 2,5 миллиард теңге бөлінбек

Шеруге барлығы 4,5 мыңға жуық адам қатысады.

Фото: atr.kz

Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай Астанада әскери шеру өтеді. Шерудің ұйымдастыру жұмыстарына бюджеттен 2,5 миллиард теңге бөлінбек, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің өкілі, полковник Виталий Адамович мемлекеттік бюджеттен бөлінетін 2,5 миллиард теңгенің неге жұмсалатынын тізбектеп берді.

“Бұл қаражат жанар-жағармай мен қосалқы бөлшектерді сатып алуға, іссапар шығындарына, әскерлер қозғалысына және форма тігуге жұмсалады. Әскери шеру үш кезеңнен тұрады:

  • Бірінші кезең – тарихи және заманауи бөлімнен тұратын жаяу шеруі экипаждарының жүріп өтеді;
  • Екінші кезең – механикалық техника жүріп өтеді;
  • Үшінші кезең – авиация ұшып өтеді”, – деді Виталий Адамович. 

Сондай-ақ алғаш рет алаңда Қазақстан аумағында жасақталған әскери бөлімдер – 23 дивизия мен бригадалардың жауынгерлік тулары мен Әскери тарих мұражайында сақталған Т-34 танкіндегі Жеңіс туының көшірмесін алып өтеді. 

Шеру кезінде соңғы жылдары сатып алынған қару-жарақ пен әскери техниканың соңғы үлгілері де көрсетіледі. Шеруге барлығы 4,5 мыңға жуық адам қатысады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-19
Утром17.83 ℃
Днем25.46 ℃
Вечером26.91 ℃
Ночью19.26 ℃
Влажность33 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра5.95 м/с
2025-07-20
Утром16.15 ℃
Днем28.8 ℃
Вечером31.74 ℃
Ночью23.53 ℃
Влажность28 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра4.15 м/с