БҚО-да жанжал кезінде бір адам оқ жарақатын алған

Бұл оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Круглоозерное кентінде жанжалдың соңы оқ жарақымен аяқталған.

ғаламтордан

14 қаңтарда Круглоозерное кентінде сағат 4:00-де ауылдың 20 жастағы тұрғыны Кирилл Иртикеевті көшеге 2 ауыл тұрғыны шақырып алып, оны екі рет мылтықпен атқан. Бір оқ оның ішіне, екіншісі қолына тиген.

– 28 желтоқсанда менің ұлым күдіктілердің бірі жақ сүйегін сындырған баланы жақтады. Олар сол жерде төбелесті, бірақ ол тынышталмады және 14 қаңтарда ұлымды үйден шақырып алды. Ол шыққысы келмеді, бірақ бәрібір барды. Олар екеуі болды, екеуі бірге атты, – деді Кириллдің анасы Ирина Иртикеева.

Оқ атылғаннан кейін күдіктілердің өздері таксимен жараланған жігітті ауруханаға апарып, тастап кетіп қалған. Кирилл ішінен жараланған, ішегіне зақым келген. Екінші оқ оң қолына тиіп, сіңірін жарақаттады. Дәрігерлер қолдың еңбекке қабілетті болатынына кепілдік бермейді.

Жәбірленушінің әкесі Владимир Иртикеевтің айтуынша, тергеу біржақты жүргізілуде. Бастапқыда екі күдіктіні де ұстаудың орнына полиция біреуін ғана ұстады. Екіншісі әкесі бейне хабарлама жазғаннан кейін ғана ұсталған.

– Біз оны өлтіргісі келген деп санаймыз. Мен екі өтініш бердім, екеуі де қабылданбады. Сонымен қатар, біз істің ашылу бабымен келіспейміз. Іс «Бұзақылық ниетпен дене жарақатын келтіру» бабы бойынша жүргізіледі және біз «Кісі өлтіруге оқталу» бабын талап етеміз. Қаскүнемдер үшін ең қатаң жазаны қалаймыз, – деді Владимир Иртикеев.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық істі Зачаган полиция бөлімі жүргізіп жатқанын хабарлады. Бұзақылық және кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша тергеу жүргізілуде. Қылмыс жасады деген күдікпен ауылдың екі тұрғыны ұсталды.

-Тергеу БҚО полиция департаменті басшылығының бақылауында, – деп сендірді тәртіп сақшылары.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.1 ℃
Вечером11.15 ℃
Ночью6.28 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.65 м/с
2025-03-29
Утром3.05 ℃
Днем10.4 ℃
Вечером12.03 ℃
Ночью8.83 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.48 м/с