Beeline компаниясының тұтынушылардың құқықтарын бұзғаны анықталды

«Билайн» компаниясы өз тұтынушыларының қолданыстағы тарифтік жоспарларда үй интернетінің жылдамдығын таңдау мүмкіндігін шектеп, тек 100 Мбит/с-тан жоғары жылдамдықтағы интернетті ұсынған.

Ашық дереккөзден

Beeline байланыс операторының үй интернеті қызметтерін сату кезінде тұтынушылардың құқықтарын бұзғаны анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қалалық департаменті мәлімдеді. 

“КаР-Тел» ЖШС (Билайн) тарапынан үй интернеті қызметтері нарығында үстем жағдайын теріс пайдалану белгілері анықталды, бұл тұтынушылардың заңды құқықтарының шектелуіне әкелген”, – делінген хабарламада. 

Департамент мәліметінше, «Билайн» компаниясы өз тұтынушыларының қолданыстағы тарифтік жоспарларда үй интернетінің жылдамдығын таңдау мүмкіндігін шектеп, тек 100 Мбит/с-тан жоғары жылдамдықтағы интернетті ұсынған. Бұл өз кезегінде бағалардың жасанды түрде қымбаттауына және тұтынушы құқықтарының бұзылуына әкелген.

2024 жылғы 19 қарашада «Билайн» компаниясына бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама талаптарын бұзуды жою жөнінде хабарлама жіберілген. Департамент талаптардың толық көлемде орындалғанын атап өтті.  

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-08
Утром0.43 ℃
Днем2.5 ℃
Вечером0.87 ℃
Ночью-2.85 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1030
Скорость ветра5.17 м/с
2025-12-09
Утром-5.67 ℃
Днем-3.15 ℃
Вечером-4.11 ℃
Ночью-5.05 ℃
Влажность59 %
ДавлениеhPa 1038
Скорость ветра4.93 м/с