Оралда мемлекеттік қызметшілер үшін 70 млн-ға жуық теңгеге 9 пәтер жалға алынған

Орал қаласы әкімдігі жалпы сомасы 75 млн теңгеге 10 үш бөлмелі пәтерді жалға алу туралы лоттарды жарияланып, қорытындысын шығарды.  

Коллаж: Halyq Uni

Орал қаласы әкімдігінен мәлім еткеніндей, жалдау мерзімі – екі жыл, яғни 2025 жылдың қаңтарынан 2026 жылдың желтоқсанына дейін. 

Мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы бойынша 9 пәтермен қамтамасыз етуші анықталды: «Султан» ЖК, «WEST TENDER» ЖК және «SALYK-KAZYNA» ЖК. Лоттардың бірі (7,5 миллион теңгеге пәтер) ойналмады. 

Техникалық сипаттамаға сәйкес пәтерлер белгілі бір талаптарға сай болуы керек. 

Әкімдіктің түсіндіруінше, «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 77-бабының 1-тармағына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған баспана тұрғын үй комиссиясы шешімінің негізінде өтініш берушiнiң тұрғылықты жерi бойынша жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен берiледi.

-Жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға алу ротация тәртібімен лауазымға тағайындалған қызметкерлерге және олардың еңбек қатынастарының сипатына байланысты жұмыс орны бойынша тұруға тиіс лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінен келген қызметкерлерге арналған. Сонымен қатар соңғы жылдары Орал қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қоры үшін көппәтерлі үйлердің құрылысы жүргізілмегенін атап өткен жөн, — деп хабарлады ведомстводан. 

KAZINFORM

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-07
Утром-1.12 ℃
Днем1.24 ℃
Вечером-0.85 ℃
Ночью-0.27 ℃
Влажность74 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра2.78 м/с
2025-12-08
Утром0.35 ℃
Днем2.32 ℃
Вечером1.11 ℃
Ночью-3.19 ℃
Влажность82 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра4.83 м/с