Оралда төбелес кезінде ер адамның құлағын кесіп алған

Сот одан 1 млн теңге моральдық зиян және 40 мың теңге материалдық шығын өндіріп, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

фото: Halyq Uni

БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталмыш тұрғын 2024 жылдың қазан айында түнгі сағат 02.00-де кафеге демалуға барған. 

Кафеде бұдан бұрын бірнеше рет кездестірген Ш-ның достарымен ішімдік ішіп отырғанын көріп, сәлемдескен. Сол кезде танысы үстелге отыруды ұсынғанда, бұл келісіп, бірге ішімдік ішуге кіріскен.

Одан әрі Ш. мен А. арасында келіспеушілік туындап, сыртқа шыққаннан кейін төбелес басталған. А. таяу маңдағы көлік жуу орталығына қарай қаша жөнелген. Ашық тұрған көлік жуу орталығына кіріп, үстелден асүй пышағын алып, сыртқа қарай шыққан. Сосын қарсы жүгіріп келген Ш., Т., және Н. деген ер адамды көріп, тығып қойған пышағын алып, Ш-ға қарай сермеген. Ш-ның інісі Н. қорғау мақсатымен А-ның қолын ұстап қалған. Сол сәтте сотталушы Н-ға қарай қасақана пышағын көтеріп, оның сол жақ құлағын кесіп алған.

-А. денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін жәбірленуші Н. сотталушыдан 10 млн теңге моральдық зиян және 40 мың теңге материалдық шығын өндіру туралы азаматтық талап арыз берді. Сотталушы кінәсін мойындап, жасаған ісіне толық өкінетінін білдірді. Сот А-ны кінәлі деп танып, одан 1 млн теңге моральдық зиян және 40 мың теңге материалдық шығын өндіріп, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ, – деп хабарлады ведомстводан.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-18
Утром3.34 ℃
Днем4.12 ℃
Вечером3.86 ℃
Ночью3.42 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра4.8 м/с
2025-03-19
Утром2.04 ℃
Днем4.48 ℃
Вечером4.08 ℃
Ночью1.58 ℃
Влажность74 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра6.51 м/с