Табысы аз қазақстандықтарға несие беру талаптары қатаңдайды

Сондай-ақ қарызын мерзімінен кешіктірген қазақстандықтардың берешегін одан әрі арттыруға шектеу енгізгісі келетінін жеткізді.

Коллаж: Halyq Uni

Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктермен кеңес өткізді. Жиын барысындақазақстандықтардың қарыздық жүктемесін азайту шаралары талқыланды. Табысы төмен азаматарға несие беру талаптары күшеймек, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктерді қарызын қайтара алмайтындарға несие бермеу үшін азаматтардың төлем қабілеттілігін мұқият тексеруді міндеттеуді ұсынды. Сондай-ақ қаразын мерзімінен кешіктірген қазақстандықтардың берешегін одан әрі арттыруға шектеу енгізгісі келетінін жеткізді.

Агенттік банктердің қаржылық тұрақтылығына теріс әсер ететін “нашар” несиелердің жиналуының алдын алу үшін қосымша шараларды (нормативтік және заңнамалық) қарастырады.

“Банктер проблемалық тұтынушылық несиелерді қайта құрылымдау жұмыстарын жалғастыруы керек. Яғни, қарыз алушылар қарызды өтеу кезінде қиындықтарға тап болған жағдайда, олар несиелердің шарттарын қайта қарастырады. Ең алдымен қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсетіледі”, – делінген хабарламада.Сондай-ақ кездесуде «Даму» қоры негізінде шағын және орта бизнес субъектілерінің несиелерін кепілдендіру қоры құру мәселесі қаралды.

Банктер мен мемлекет кепілдік қорының шарттарын талқылауды жалғастырады. Бұл көптеген кәсіпорындардың қордан кепілдік алуына мүмкіндік береді. Ведомстволар арасындағы өзара әрекеттестікті жақсарту үшін Жобалық кеңсенің рөлі күшейтіледі. Бұл банктер мен «Бәйтерек» холдингі қатысатын синдикацияланған несиелер арқылы ірі жобаларды қаржыландыруға көмектеседі.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-11-10
Утром1.88 ℃
Днем7.82 ℃
Вечером7.73 ℃
Ночью7.21 ℃
Влажность66 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра6.27 м/с
2025-11-11
Утром7.57 ℃
Днем8.4 ℃
Вечером8.8 ℃
Ночью8.23 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра4.26 м/с