Су тасқыны: БҚО-да 32 мың адам сыятын 317 уақытша орналастыру пункті дайын

Батыс Қазақстан облысында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі жоғарғы дайындық режиміне көшірілді.

«ОА» мұрағатынан

БҚО ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Исмаил Азаматтың мәлім еткеніндей, осы айдың соңына таман «Су тасқыны — 2025» айлығы басталады.

Оның айтуынша, облыс бойынша 1 817 техника, 123 жүзу құралы, 455 мотопомпа, жеке құрамнан 4 126 адам су тасқынына қарсы шараларға дайын. Сондай-ақ 2 162 тонна инертті материал, 510 мың дана қапшық, 423 тонна жанар-жағар май, 655 тонна азық-түлікке 195 келісімшарт әзір. 

«ОА» фотоқорынан

— Бұдан бөлек, топырақ салынған 62 мыңнан астам қап қала мен аудандарда қоймаларда сақталып тұр. Оған қоса 32 мың адамды қабылдай алатын 317 уақытша орналастыру пункті және үй жануарларын қауіпсіз жерге көшіру үшін 195 орын дайын, — дейді И. Азамат.

Ол сонымен қатар облыс өзендерінде 5 бригаданың мұз жару жұмыстарын жүргізуі үшін келісім-шарт жасалатынын тілге тиек етті.

«ОА» мұрағатынан

Атап айтар болсақ, өзендерде мониторингті жақсарту мақсатында бұрыннан бар 22 гидробекетке жаңадан қосымша жетеуі ашылды. Сонымен қатар Жайық, Шаған, Деркөл өзендерінде су тасқыны қаупін алдын ала анықтауға арналған 3 автоматтандырылған кешенді орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

KAZINFORM

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-03-06
Утром-1.2 ℃
Днем0.06 ℃
Вечером0.17 ℃
Ночью-0.01 ℃
Влажность100 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра4.34 м/с
2026-03-07
Утром-2.54 ℃
Днем-5.51 ℃
Вечером-8.94 ℃
Ночью-12.43 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.95 м/с