БҚО-да көкжөтелдің көбейгені байқалады

Батыс Қазақстан облысында көкжөтелмен ауыратын науқастар саны күрт артқан. 

фото: Depositphotos

2024 жылы бұл қауіпті инфекция 52 адамнан анықталған. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда шамамен 4,5 есе көп. Науқастардың барлығы дерлік – 14 жасқа дейінгі балалар. 

Көкжөтел – бактериялық инфекциядан туындайтын ауру. Сырқат жоғарғы тыныс жолдарын зақымдап, қатты жөтелге әкеледі. Көкжөтел кішкентай балалар үшін аса қауіпті. Өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, сырқаттанған балалардың 92%-ы вакцина алмаған.

Қаңтар айында көкжөтелдің үш жағдайы тіркелген. Дәрігерлер инфекциялық аурулар санының өршуін екпеден бас тартумен тікелей байланыстырады. Мамандар екпе аурудың алдын алмаса да, оны жеңіл өткізуге және асқынулардан сақтануға көмектесетінін атап өтті. 

“Көкжөтелдің көбейгені байқалады. Сондай-ақ эпидемиялық паротиттің өсуі мен менингококк инфекциясының тіркелгенін де атап өтуге болады. Сондықтан ата-аналар вакцинацияның маңызы мен оның салдарын дұрыс түсінуі қажет. Егер екпе алмаған бала осы аурулардың біріне шалдықса, баланың денсаулығына тигізер зардабы қауіпті болуы мүмкін”, – дейді Батыс Қазақстан облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-11-15
Утром5.58 ℃
Днем10.17 ℃
Вечером7.22 ℃
Ночью7.04 ℃
Влажность74 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра5.64 м/с
2025-11-16
Утром5.67 ℃
Днем6.26 ℃
Вечером3.55 ℃
Ночью0.45 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра5.75 м/с