Батыс Қазақстан облысына ұшқышсыз ұшу апараты құлады

18 ақпанда Бөкей орда ауданы Ұялы ауылдық округі маңынан құлаған пилотсыз ұшу аппараты табылды.

Әлеуметтік желіден

Белгісіз ұшу аппараты 18 ақпанда кешке БҚО, Бөкей ордасы ауданы, Ұялы ауылының аумағынан жергілікті тұрғындар тауып алған. Дронның ұзындығы — 120 сантиметр.

Оқиға орнынан түсірілген суреттерді жергілікті тұрғындар бөлісті. Кейінірек бұл ақпаратты аудан әкімі Нұрлыбек Даумов растады, бірақ түсініктеме беруден бас тартты. Жедел түрде оқиға орнына Ұялы ауылдық округінің полиция қызметкерлері барған. Кейін олармен бірге аудан орталығы Сайхын ауылынан әкімдік, полиция және төтенше жағдайлар қызметінің мамандары да жеткен.

БҚО полициясы аталған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

«БҚО-да Бөкей ордасы ауданы, Ұялы елдімекені маңында ұшқышсыз ұшу аппаратына ұқсас затты табу фактісі бойынша полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірлесіп тексеру іс-шараларын қолға алды», деп хабарлады өңірлік ПД.

Қазіргі таңда мамандар нысанның шығу тегі мен кімге тиесілі екенін анықтауда. Тергеу жұмыстары жалғасуда.

Бөкей ордасы ауданының аумағында Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі жалдайтын «Капустин Яр» әскери полигоны орналасқан.

Айта кетсек, 17 ақпанда Қазақстан мұнайын тасымалдайтын Каспий құбыр консорциумы желісіне дрондармен шабуыл жасалған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Ресей зымырандары құлайтын БҚО-дағы әскери полигонда заң бұзылып отыр – экология министрлігі

БҚО-да Ресейдің әскери техникасы газ құбырын қағып кетті

БҚО-да газ құбырын соққан ресейлік әскери техника жүргізушісі ескертумен құтылды

Каспий құбыры (КҚК) шабуылға ұшырады: Қазақ мұнайына қауіп төнді ме?

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-09
Утром2.82 ℃
Днем12.42 ℃
Вечером11.13 ℃
Ночью8.84 ℃
Влажность72 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра2.47 м/с
2026-10-10
Утром6.6 ℃
Днем17.38 ℃
Вечером15.94 ℃
Ночью13.6 ℃
Влажность56 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.32 м/с