Елімізде жыл сайын 600-ден аса баладан қатерлі ісік анықталады

Елімізде жыл сайын 600-ден аса баладан қатерлі ісік анықталады. Республика бойынша 5 мың бүлдіршін диспансерлік есепте тұр.

Фото: gov.kz/Денсаулық сақтау министрлігі

Дәрігерлердің айтуынша, қазір балалар арасында лейкоз, яғни ақ қан қатерлі дерті көбейген. Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының» мамандары халықаралық қатерлі дертке шалдыққан балалар күніне орай бас қосып, саладағы өзекті мәселелерді талқылады.

Қазіргі таңда балалар арасындағы қатерлі ісіктің алдын алу мүмкін емес. Әлемде мұндай тәжірибе де, арнайы бағдарлама да жоқ. Десе де ерте диагностика жасау көп мәселені шешеді, дейді мамандар.

Балаларда температура болуы мүмкін. Сүйек қақсап, тісі ауруы мүмкін. Егер тез жазылмаса, дәрігерлерге жүгініп, диагностика жасауға шақырамыз,- дейді Гүлнәр Булабаева, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының бөлім меңгерушісі.

Донор, сүйек кемігін алмастыру және онкологиялық науқастарды оңалтудың мәселесі – күн тәртібінде. Балалар орталығында бас қосқан еліміздің жетекші мамандары лейкемия дерті дендеп тұрғанын айтады.

Қан ауруы, лейкемия көбірек кездеседі. Одан кейін орталық жүйке жүйесінің онкологиялық аурулары тұр. Әртүрлі аурулар – лимфома, нейробластома, нефробластома сияқты балаларда кездесетін онкологиялық аурулар да бар,- деді Ләззат Манжуова, ҚР ДСМ штаттан тыс бас балалар онкогематологы.

Ауру ерте анықталса, бала кезінде онкологиялық дертке шалдыққандардың 70%-ы құлан таза айығып кетеді, дейді дәрігерлер.

 Zakon.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-11-15
Утром5.58 ℃
Днем10.17 ℃
Вечером7.22 ℃
Ночью7.04 ℃
Влажность74 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра5.64 м/с
2025-11-16
Утром5.67 ℃
Днем6.26 ℃
Вечером3.55 ℃
Ночью0.45 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра5.75 м/с