Енді интернет дүкендері бар кәсіпкерлер түгел тексеріледі

Жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, жалпыға бірдей декларация тапсыру керек болады.

Фото: ddplanet.ru

Енді интернет дүкендері барлардың да кірісі тексеріледі, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Демек, кәсіпкерлердің екінші деңгейлі банктегі жеке шоттары мен салық төлеген не төлемегені жіті назарға алынады. Ал табысын жасырып немесе есепті кезең үшін салығын дұрыс төлемегендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 

Бұл көйлектің бағасы 10 мың теңге, алам деушілер болса көрсетілген нөмірге төлем жасап, чекті ватсапқа жібересіз. Міне, енді дәл осылай интернет арқылы онлайн дүкен ашып, ақша тауып отырғандардың кірісі жіті тексеріледі. Сонымен қатар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, жалпыға бірдей декларация тапсыру керек болады. 

«Ағымдағы жылы дара кәсіпкерлерді қоса алғанда 80 000 жеке тұлғаға бақылау хабарламалары жіберіліп үлгерді. Салық кодексінің 24-бабы, 19-тармағына сәйкес салық органдары, екінші деңгейдегі банктерден жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғаларға қатысты дербес шотына төлем және мобильді төлемдер арқылы түскен қаражаттар туралы ақпарат алады», – делінген ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінің хабарламасында.  

Мемлекеттік кірістер комитетінің ұйғарымымен кәсіпкер Дана Ахмедова келіседі. Ол екі жыл бұрын интернет арқылы әйелдерге арналған әшекей бұйымдар мен киім-кешек сата бастаған. Кейін бұл ісі ілгерілеп, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың қатарына еніпті. Содан бері міндеттелген декларацияны тапсырып, салықты да төлеп жүрмін дейді. 
Оның ойынша, бұл әрбір бизнес иесінің міндеті. 

«Бұл менің ойымша енді жақын арада блогерлердің арасында шу болды ғой, соған байланысты бізге де енгізіліп жатыр деп ойлаймын. Ол жерде 2022-2023 жылдар есептелмейді, яғни, 2024 жылғы ақпан айынан бастап салық түрлері есептеледі деп естідім. Негізі өз басым дұрыс деп есептеймін», – дейді кәсіпкер Дана Ахмедова.       

Мамандар хабарламаны алған кәсіпкерлер 30 жұмыс күні ішінде не салығын толық төлеуге, не мән-жайды түсіндіруге тиіс деп отыр. Ал онымен келіспесе, азаматтың шоттары түгел бұғатталады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-17
Утром11.35 ℃
Днем16.78 ℃
Вечером11.2 ℃
Ночью10.22 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра3.84 м/с
2026-10-18
Утром9.31 ℃
Днем14.88 ℃
Вечером12.8 ℃
Ночью10.69 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра4.13 м/с