Салықтар мен шетелдік шоттар: 5,4 млрд теңге бюджетке қайтарылды

Жыл сайын ЭЫДҰ-ға қатысушы елдердің құзыретті органдары автоматты алмасудың бірыңғай стандарты (CRS) шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ бенефициарлық меншік иелерінің шоттары туралы деректермен алмасады.

Фото: ғаламтордан

Деректер алмасудың арқасында Қазақстан бюджетіне 5,4 млрд теңге түсті.

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті шет мемлекеттердің салық органдарынан алынған ақпарат негізінде Қазақстанның 2 мыңнан астам резидентіне тексеру жүргізді. Нәтижесінде 1 602 қазақстандық 5,4 млрд. теңге сомасына ЖТС төледі.

Алынған кірістерден, соның ішінде дивидендтер мен сыйақылар түріндегі ең көп сома Біріккен Араб Әмірліктері, Ұлыбритания, Қытай Халық Республикасы, Түркия және т. б. елдерге тиесілі.

Қазіргі таңда оффшорлық юрисдикцияларда ашылған азаматтарымыздың банктік шоттарындағы ақша сомасы 1,4 млрд теңге екенін айта кетейік.

Ең көп сома Панама республикасы 1,2 млрд теңге, Вануату 0,2 млрд теңге, Сан-Марино 0,1 млрд теңге сияқты елдерге және т. б. тиесілі.

Қазақстан CRS шеңберіндегі ынтымақтастық географиясын кеңейтуді жалғастыруда. Егер 2021 жылы деректер алмасу 51 юрисдикциямен жүзеге асырылса, 2024 жылы олардың саны 89-ға жетті, оның ішінде 26 оффшорлық ел. ЭЫДҰ әзірлеген бұл тетік капиталды заңсыз шығаруға қарсы күресте маңызды құрал және шетелде шоттары бар қазақстандықтардың кірістерінен салықтарды тиімді әкімшілендіруге көмектеседі.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-09-14
Утром11.01 ℃
Днем17.03 ℃
Вечером19.26 ℃
Ночью16.26 ℃
Влажность82 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра3.2 м/с
2026-09-15
Утром13.68 ℃
Днем25.05 ℃
Вечером23.93 ℃
Ночью20.48 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра4.38 м/с