Қазақстанда «декретке миллионмен» шыққысы келгендер сотталуы мүмкін

Жүктілік және босануға қатысты төлемдерге шектеу қойылмағандықтан, кей азаматтар табысын жасанды түрде көбейтіп, жоғары мөлшерде төлем алу үшін түрлі заңсыз схемаларға жүгінген.

фото: chistopol-rt.ru

2024 жылы 1,4 млн азаматқа 958 млрд теңге төленді. Алайда кейбір азаматтар заңнамалық олқылықтарды пайдаланып, әлеуметтік төлемдерді жасанды түрде арттыруға тырысқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова министрліктің кеңейтілген алқа отырысында айтты.

Оның айтуынша, жүктілік және босануға қатысты төлемдерге шектеу қойылмағандықтан, кей азаматтар табысын жасанды түрде көбейтіп, жоғары мөлшерде төлем алу үшін түрлі заңсыз схемаларға жүгінген.

Бұл жүйеге адал қатысушылардың әлеуметтік аударымдарын қайта бөлуде әділетсіздікке әкеп соғады, – деді министр.

Министрдің айтуынша, 113 келіншектің заңсыз жолмен алған төлем сомасы 158,4 млн теңгені құраған. Бұған қоса, 2024 жылдың қыркүйегінен бері 1,5 мыңға жуық азамат өз еркімен табысын жасанды түрде көбейткенін мойындап, мемлекетке 3,4 млрд теңгені қайтарған.

Министрлік бұл мәселені шешу үшін заңнамалық бастамалар топтамасын әзірлегенін мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа реформалар алдағы 10 жылда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-13
Утром-4.39 ℃
Днем-1.36 ℃
Вечером-2.72 ℃
Ночью-4.09 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра8.3 м/с
2026-01-14
Утром-7.63 ℃
Днем-7.47 ℃
Вечером-8.04 ℃
Ночью-8.74 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра8.38 м/с