Қазақстанда төрт жаңа су қоймасы салынады
Оның біреуі біздің облыста салынбақшы.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов 2025 жылғы 4 наурызда Үкімет отырысында Қазақстанның қай облыстарында жаңа су қоймалары салынатынын айтты,-деп хабарлайды Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі.
Оның айтуынша, 2025 жылы еліміздің үш өңірінде төрт жаңа су қоймасының құрылысын бастау жоспарлануда.
«Оның ішінде еліміздің оңтүстігінде орналасқан Ақмола, Қалғұттар, Қараузяк 22,5 мың гектар суару алаңындағы вегетациялық кезеңде су тапшылығын жабуға бағытталды. Батыс Қазақстан облысындағы Үлкен Өзен су қоймасының құрылысы су тасқыны мен еріген суларды ұстап тұруға және 5 мыңға жуық халқы бар Казталов ауданының екі елді мекенін су басу қаупін болдырмауға бағытталған. Сондай-ақ, бірінші кезең аясында Жамбыл облысындағы Терс – Ащыбұлақ және Қарақоңыз су қоймаларын, сондай-ақ Түркістан облысындағы Қосқорған және Көксарай су қоймаларын қайта жаңарту жоспарланған», – деді ол.
