Kaspi.kz Moody ‘ s инвестициялық деңгей рейтингін алды
Kaspi.kz компаниясы екінші халықаралық несие рейтингіне ие болды.

Moody’s Kaspi.kz-ке тұрақты болжамы бар Baa3 инвестициялық деңгейінің рейтингін берді. Бұл BBB инвестициялық кредит рейтингіне және Fitch-тен 2024 жылдың екінші жартысында алынған тұрақты болжамға сәйкес келеді.
Moody’s сарапшыларының пікірінше рейтинг Kaspi.kz-тің әртараптандырылған бизнес-бейінін, оның ШОБ-ты дамыту жолындағы көшбасшылық орнын және жақсы қаржылық көрсеткіштерін, соның ішінде табыстылықты, капиталдандыруды және өтімділікті көрсетеді.
Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:
«Бұл Kaspi.kz-тің соңғы бірнеше айда алған инвестициялық деңгейдегі екінші рейтинг. Халықаралық рейтинг агенттіктері біздің әртараптандырылған бизнес-моделімізді, нарықтағы көш басындағы орнымызды, сондай-ақ тұрақты жоғары қаржылық нәтижемізді атап өтті».
Kaspi.kz туралы
Kaspi.kz-тің миссиясы – инновациялық өнімдер мен сервистерді жасап, сүйікті клиенттері мен серіктестерінің өмірін жақсарту. Инновациялардың орталығында – Қазақстандағы ең танымал Kaspi.kz суперқосымшасы бар. Оны 14 миллионнан астам қазақстандық қолданады және ол елдегі жетекші электронды коммерция, төлем және қаржылық қызметтерді қамтиды.
Kaspi.kz суперқосымшасының көмегімен қазақстандықтар тегін жеткізілетін онлайн тауарлар сатып алады, комиссиясыз төлемдер мен аударымдар жасайды, жеке қаржыларын басқарады, әуе және теміржол билеттерін алады, туристік пакеттер сатып алады және ең танымал мемлекеттік қызметтерді пайдаланады.
Сондай-ақ, Kaspi.kz бизнеске арналған суперқосымша – Kaspi Pay әзірледі. Оны Қазақстандағы 700 мыңға жуық кәсіпкер қолданады. Kaspi Pay арқылы кәсіпкерлер бизнесті дамытуға қаржыландыру алады, төлемдер қабылдайды, жарнамалық кампанияларды іске қосады, салық төлейді, электронды коммерция және жеткізу платформаларына қосылып, тауарларын бүкіл ел бойынша сатады.
2025 жылдың қаңтарында Kaspi.kz Түркиядағы электронды коммерцияның жетекші технологиялық платформасы – Hepsiburada-ның 65,41% акциясын сатып алды. Гарвард бизнес мектебі Kaspi.kz туралы екі кейстік зерттеу жазды және осы материалдар негізінде Гарвардтағы MBA студенттері оқиды.
Kaspi.kz 2024 жылдың қаңтарынан бастап Nasdaq-та саудаланады.
