Оралда өрт сөндірушілер 3 жасар бала мен оның анасын құтқарды
Түнде Орал қаласында 3 пәтерлі бір қабатты тұрғын үйдің шатырының жануы орын алды.

Түнде Орал қаласында Татар көшесінде орналасқан 3 пәтерлі бір қабатты тұрғын үйдің шатырының жануы орын алды,- деп хабарлайды БҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Шақыруға келген өрт сөндіру есептоптары барлау барысында үйде баласы бар әйелдің қалғанын анықтады. Жанып тұрған төбенің астынан өтіп, өрт сөндірушілер абдырап, қорқып кеткен адамдарды тапты. Қыз баланы қолына алып, құтқарушылар оны анасымен бірге ашық ауаға шығарды.
Өрт 70 шаршы метр алаңда сөндірілді. Өрт сөндірушілердің дәл әрекеттерінің арқасында зардап шеккендерді болдырмауға мүмкіндік туды.
ТЖМ тұрмыстағы өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауға кеңес береді!
