БҚО-да бір ауыл қатынассыз қалды

Соңғы тәуліктерде күннің күрт жылынуына байланысты ауыл жанындағы Саян және Шолақсай сайлары тасып, кіре берістегі өткелді су басып қалды.

«ОА» мұрағатынан

Еріген қар суы бүгін кешке жақын Қаратөбе ауданы Ақтайсай ауылына кіреберіс жолды басып қалған. Қазір көлік қозғалысы толық тоқтатылды. BAQ.KZ тілшісіне бұл ақпаратты Қаракөл ауылдық округінің әкімі Эльдар Амантаев растады.

Соңғы тәуліктерде күннің күрт жылынуына байланысты ауыл жанындағы Саян және Шолақсай сайлары тасып, кіре берістегі өткелді су басып қалды. Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолды жауып, тиісті белгі орнаттық. Жалпы бұл жылда қайталанатын жағдай. Мәселен, былтыр су 8 күн тасыса, алдыңғы жылы 5 күн көлік қатынасынсыз отырдық. Биыл неше күн таситынын қайдам. Бірақ алдын-ала қамданып, ауру-сырқаулы жандарды,  екі жүкті әйелді аудан орталығына жеткіздік. Тасқын судан тұрғын үйлерге ешқандай қауіп жоқ. Өйткені елді мекен төбе басында, аталған сайлардан 25 метр биіктікте орналасқан, – дейді ауыл әкімі.

Биыл Батыс Қазақстан облысына көктем жылдағыдан ерте келді. Соңғы тәуліктерде ауа температурасы күрт көтерілді. Оңтүстік аудандарда сынап бағанасы +20 градусқа дейін жеткен. Синоптиктердің болжауынша, мұндай ауа райы сейсенбіге дейін жалғасады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-09
Утром0.71 ℃
Днем16.31 ℃
Вечером10.49 ℃
Ночью8.37 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра2.54 м/с
2026-10-10
Утром5.04 ℃
Днем19.71 ℃
Вечером15.41 ℃
Ночью11.14 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.64 м/с