Kaspi «Kaspi жұмыс»жаңа сервисін іске қосты

«Kaspi Жұмыс» – бұл Kaspi.kz қосымшасында вакансия іздеуге және қызметкерлерді іріктеуге арналған ыңғайлы және тегін жаңа сервис. Оның көмегімен жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер бір-бірін оңай әрі тез табады.

Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:

«Бізде 700 мыңнан астам серіктес бар. Бұл негізінен белсенді дамып, жаңа жұмыс орындарын ашып жатқан шағын және орта бизнес компаниялары. Біздің серіктестеріміз қызметкерлерді жиі іздейді, ал клиенттер жұмыс іздеп жатады. Сондықтан біз кадрларды іріктеу және жұмыс іздеу үшін ыңғайлы заманауи цифрлық сервис жасауды шештік. Біздің сервисіміздің көмегімен жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер бір-бірін оңай табады, қызықты вакансиялар мен түйіндемелерге тезірек жауап қата алады, өзара әрекет ету тарихын сақтап, көптеген күнделікті процестерді жеңілдете алады. Әр сүйікті клиенттімізге және серіктесімізге бізбен бірге болғаны үшін рақмет айтамыз!»

Егер қызметкерлерді іздеп жүрсеңіз, онда «Kaspi Жұмыс» вакансия жасауға көмектесіп, лайықты үміткерлерді ұсынады. Тура қосымшада жұмыс іздеушілерден жауап алуға, түйіндемені қарауға, сұхбатқа шақыруға болады. Енді қаралған түйіндемелердің санын есте сақтамаса да болады. Жаңа сервис іздеу тарихын және тек сізге ғана көрінетін пікірлеріңізді автоматты түрде көрсетеді. Егер жұмыс іздеп жүрсеңіз, онда тура «Kaspi Жұмыс» сервисінде түйіндеме жасай аласыз, ол үшін тіпті қажетті сөздер жазылған дайын үлгі де бар.

Әртүрлі вакансияға жауап қату үшін қалағаныңызша бірнеше түйіндеме жасауға болады. Түйіндеме жасағаныңыздан кейін сервис лайықты вакансияларды ұсынады. Осы ұсыныстарды пайдалануға немесе критерийлеріңізге сай келетін жұмысты өзіңіз іздесеңіз болады.

«Kaspi Жұмыс» сервисі туралы толығырақ Kaspi Гидтен оқыңыз: guide.kaspi.kz/client/kz/…

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-20
Утром14.75 ℃
Днем26.13 ℃
Вечером20.87 ℃
Ночью14.45 ℃
Влажность26 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра6.5 м/с
2025-04-21
Утром13.66 ℃
Днем24.35 ℃
Вечером24.28 ℃
Ночью18.1 ℃
Влажность19 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра5.43 м/с