Тариф бағасын өзара келісіп көтерген: Қазақстанда үш ұялы байланыс операторы тексеріліп жатыр

Сәмбетовтың айтуынша, ірі операторлардың біріне қатысты бөлек тергеу жүргізіліп жатыр. Себебі ол монополиялық жоғары тарифтерді белгілеген болуы мүмкін.

Коллаж: Kazinform

Қазақстанның Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ұялы байланыс операторларының ықтимал баға келісімі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Еліміздегі үш ірі Kcell, Tele2 және Beeline ұялы байланыс операторларының нарықтағы үлесі шамамен 30-40%-ға жуық. 

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасы орынбасары Болат Сәмбетовтың айтуынша, кейінгі бірнеше жылда операторларға көп шағым түскен.

«Кейінгі жылдары шағым көп түсті. Біз нарықты талдап, тарифтердің көтеріліп жатқанын байқадық. Кейінгі екі жылда байланыс операторларының барлығы бағаны көтерген. Олардың өзара келісіп баға көтерген, көтермегенін тексердік. Нәтижесінде өзара сөз байласып, операторлардың тарифтерді бір уақытта көтергенін анықтадық. Қазір жағдайды егжей-тегжейлі зерттеп жатырмыз», – деді Сәмбетов.

Сәмбетовтың айтуынша, ірі операторлардың біріне қатысты бөлек тергеу жүргізіліп жатыр. Себебі ол монополиялық жоғары тарифтерді белгілеген болуы мүмкін. 

Айта кетейік, бұған дейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Кселл, Tele2/Altel және Beeline ұялы байланыс операторларына қатысты тергеп-тексеруді бастағанын хабарлаған еді. Себебі аталған операторлар 2023 жылы тарифтердің бағасын өзара келісіп, көтеріп жіберген.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-06-13
Утром16.68 ℃
Днем24.7 ℃
Вечером23.68 ℃
Ночью17.53 ℃
Влажность51 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра4.89 м/с
2026-06-14
Утром17.4 ℃
Днем25.36 ℃
Вечером26.47 ℃
Ночью19.73 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1002
Скорость ветра5.58 м/с